Kyzylorda-news.kz Кеше Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда Үкімет мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Алқалы жиынға Партия Төрағасы, Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, өңірімізден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, сондай-ақ Жол картаны жүзеге асыруға жауапты сала өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай ел экономикасын екі есе арттыру міндетін қойды. Мұның бәрі партияның сайлауалды бағдарламасында және бекітілген Жол картасында көзделгенін тілге тиек етіп, халықтың үмітін ақтап, осы уәделерді сапалы орындау партияның, депутаттық корпустың және Үкіметтің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

Жалпы Сайлауалды бағдарлама аясында өткен жылы елімізде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін 15,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып, 17 млн шаршы метр баспана салынған. «Жер аманаты» жобасы аясында 10 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл көрсеткіштер Сыр өңірінде де жоспардан артығымен орындалды. Атап айтсақ, 2023 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру межеленіп, жыл қорытындысымен 107% орындалды.

«Жер аманаты» жобасы аясында 200 мың гектар жерді қайтару қажеттігі белгіленіп, 225,4 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Мұнан бөлек өзге бағыттар бойынша да оң динамика қалыптасқан. Бұл партияның барлық деңгейдегі фракциясы және жерігілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмыстарының нәтижесі деп білеміз.

Кеше Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда Үкімет мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Алқалы жиынға Партия Төрағасы, Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, өңірімізден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, сондай-ақ Жол картаны жүзеге асыруға жауапты сала өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай ел экономикасын екі есе арттыру міндетін қойды. Мұның бәрі партияның сайлауалды бағдарламасында және бекітілген Жол картасында көзделгенін тілге тиек етіп, халықтың үмітін ақтап, осы уәделерді сапалы орындау партияның, депутаттық корпустың және Үкіметтің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

Жалпы Сайлауалды бағдарлама аясында өткен жылы елімізде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін 15,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып, 17 млн шаршы метр баспана салынған. «Жер аманаты» жобасы аясында 10 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл көрсеткіштер Сыр өңірінде де жоспардан артығымен орындалды. Атап айтсақ, 2023 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру межеленіп, жыл қорытындысымен 107% орындалды.

«Жер аманаты» жобасы аясында 200 мың гектар жерді қайтару қажеттігі белгіленіп, 225,4 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Мұнан бөлек өзге бағыттар бойынша да оң динамика қалыптасқан. Бұл партияның барлық деңгейдегі фракциясы және жерігілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмыстарының нәтижесі деп білеміз.

Тағы да оқыңыз: