Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты

20.09.2020, 12:00

250 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында экономикалық тұрғыда бірқатар көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы байқалады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың 8 айында облыс орталығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша оң өзгерістер қалыптасты. Нәтижесінде экономикалық тұрғыдан қалада тұрақты жағдай көрініс берді.

«Биыл қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 326 971 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,4 пайызға жетті. Өңдеуші өнеркәсіп саласынының көрсеткіші толықтай орындалса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің индексі 2,9 пайызға артық болды. Ал бөлшек сауда көлемінде оң өзгеріс байқалса, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санында өсім бар. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 244 429 шаршы метрді құрады», – деді Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова.

0

Пікір қалдыру