Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 6 индустриалдық аймақ жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 214 га жер игеріліп, 21 жоба іске қосылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

“Биыл аймақтарда іске қосылған жобалар өткен жылмен салыстырғанда 15 есеге артық өнім өндірді. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлармен бірлесіп энергия көздеріне байланысты 3 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар іске қосылған соң 60 жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақ экономикасының дамуына үлес қосады”, – деді Ринат Сұлтангереев.

Мұнан өзге, үстіміздегі жылы британдық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылған «Баласауысқандық» ванадий кен орнынан 203,2 тонна өнім экспортталды.

Тағы да оқыңыз: