Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 2268,5 тонна өнім бар – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 2268,5 тонна өнім бар

16.01.2021, 13:00

1581 0

Kyzylorda-news.kz. Облыстың тұрақтандыру қорында 2268,5 тонна өнім сақталып, сатылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

Тұрақтандыру қоры арқылы 46,9 тонна қант өнімі сатып алынып, әлеуметтік дүкендер арқылы килограмы 230 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік дүкендерде өнімдердің өтімділігі артуына орай және көлемі азаюына байланысты қосымша 23 тонна күнбағыс майын сатып алу бойынша жұмыстары жүргізілуде. Тұрақтандыру қорының тауарлық интервенциялары Қызылорда қаласында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен мен 2 әлеуметтік маркетте және Қызылорда қаласының 4 ірі сауда орындарында, оның ішінде «Мирас», «Аль-асад», «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет» супермаркеттерінде ашылған әлеуметтік бұрыштарда сатылуда.

«Соңғы уақытта елімізде кейбір азық-түлік тауарларының бағалары өндіруші кәсіпорындар тарапынан біршама қымбаттауы салдарынан облыс нарығындағы бағаға әсерін тигізуде. Біз тұрақтандыру қоры арқылы бағаны негізсіз өсірмеуге жұмыс жасаудамыз», – деді басқарма басшысы.

Келіссөздер жүргізудің нәтижесінде өңірге өткен жылдың 23 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін 7,5 миллион дана жұмыртқа өңірге жеткізіліп, сауда орындарына таратылды.

0

Пікір қалдыру