Қызылорда қаласының шет аймағындағы елді-мекендер аяқ сумен қамтылып жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда қаласының шет аймағындағы елді-мекендер аяқ сумен қамтылып жатыр

28.07.2022, 9:20

414 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында көркейту-көгалдандыру жұмыстары басты назарда. Бүгінде Сырдария өзені мен Оңжаға магистралдық каналы өтіп жатқанына қарамастан, облыс орталығын аяқ сумен қамту көрсеткіші 30-35 пайызды ғана құрап отыр.

Бүгінде қалада ұзындығы 54,6 шақырым арық жүйесі бар.Жасыл екпелерді суаруға арналған насостарды күтіп ұстауғақажетті мөлшерде қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жібек жолы» және «Қызылжарма» каналдарын күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары ұдайы назарда. Алдағы уақытта ұзындығы 13,8 шақырым болатын «Қызылжарма» каналы арқылы КБИ, Коммунизм, Шанхай, Гагарин мөлтек аудандарындағы арық жүйелерімен 40 мыңға жуық халқы мен Қызылжарма ауылдық округіндегі 8 мыңға жуық тұрғындар аяқ сумен қамтылады деп күтілуде.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауынан29,7 млн теңгені құрайтын тереңдігі 80 метр болатын 2 дана техникалық су жинау ұңғымасын бұрғылау бойынша тиісті жұмыс барысын аяқтады. Бұл жұмыстар қаладағы көгалдандырылған аумақтар мен талдарды заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, көпқабатты үйлер ауласын аяқ сумен қамти отырып, гүлзарлар мен талдарға тамшылатып және жүйектеп суаруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, дәл осы секілді су жинау ұңғымасы бұған дейін де қала аумағында қолданылып, өз нәтижесін көрсеткен.

Алдағы уақытта арық жүйелерін аяқ сумен қамтамасыз ету бағытында
26 дана барлау өндірістік ұңғымасын орнату жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 98 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілді. Сондай-ақ техникалық ұңғымалар орнату бойынша республикалық бюджетке өтінім жолданып, бүгінде Үкімет резервінен қолдау тауып отыр. Нәтижесінде облыс орталығына және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерге техникалық ұңғымалар орнатылады деп жоспарлануда.