Қызылорда облысында қосалқы 9 электр станциясы орнатылады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысында қосалқы 9 электр станциясы орнатылады

23.09.2021, 10:20

667 0

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жоспар бойынша 1 мамырда бастаған болатын. Бұл жұмыстарға 283,9 млн. теңге бағытталып, 242 млн.теңгеге күрделі жөндеу, 41,9 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы АҚ басқарма төрағасы Мұхиджан Каримбаев мәлімдеді.

«Биыл Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын мөлтек аудандарында 10/0,4 кВ әуе желілерін дамыту және жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар мен жабдықтарды алу үшін жалпы соммасы 250 млн. теңгені құрайтын инвестициялық бағларлама бойынша жұмыстар жүргізуге қаражат бөлінді. Осы жұмыстардың соңғы нәтижесінде 41,22 шақырым 10/0,4 кВ әуе желілері салынады және қосымша 10/0,4 кВ 9 қосалқы станциясы орнатылады. Сондай-ақ Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын мөлтек аудандарында 2702 тұтынушыны тұрақты, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Барлық жұмыстардың аяқталу мерзімі келер жылға жоспарлануда», – деді Мұхиджан Исмайылұлы.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында орналасқан ГТЭ-72 нысанын сату арқылы түскен 123 млн. теңгеге Арал ауданы, Сексеуіл кентінде 10/0,4 кВ электр желілерін дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда осы нысандағы материалдарды сатып алу процесі жүргізілуде. Осы жұмыстардың соңғы нәтижесінде 25,7 шақырым 10/0,4 кВ әуе желілері салынады және қосымша 10/0,4 кВ 2 қосалқы станциясы орнатылады. Сондай-ақ Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі 1048 тұтынушыны тұрақты, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

0

Пікір қалдыру