Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында экономикаға инвестициялар көлемі 6% астам көрсеткішке өскен. Оның ішінде өңдеуші салада – 40,5%, ауыл шаруашылығы саласында – 66% өсті.

Облыс әкімдігінің дерегінше жыл қорытындысы бойынша 456 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда.

Жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемінің қысқару үрдісі сақталуда (90,1%), бұл жалпы өнеркәсіп бойынша өнім өндіру көрсеткішінде (99,7%) көрініс табады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мұнай-газ саласын дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған Жол картасы әзірленуде, оған сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар 79 жаңа мұнай-газ ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыз: