Kyzylorda-news.kz.  Кептірілген қауыннан жасалған қытырлақ ерекше дәмімен танымал. Қазірде халық арасында бұл өнімге сұраныс артып келеді. Сұраныс көбейсе нарыққа шығу мүмкіндігі де бар деген сөз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаралыстану институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов танымал өнімді өндірудің қыр-сырын және алдағы жоспарларын баяндады.

“Біздің мақсатымыз − өңіріміздегі көкөніс бақша шаруашылығын дамыту. Біздің облыс әлемдегі қауын өсіретін 3 негізгі орталыққа кіреді. Демек өңірде кездесе бермейтін қауын сорттарын пайдалануға мүмкіндік бар. Қауын қытырлағын белсенді шығарушы ел − Өзбекстан мемлекеті. Олармен біз тәжірибе алмаса отырып қауын қытырлағын шығарып жатырмыз. Бұл өнімді жасау үшін қауындарды арнайы пештерде кептіріп, ешқандай қоспасыз даярланады. Сондықтан бұл өнімге сұраныс жоғары. Өйткені толығымен табиғи өнім болып саналады. Күніге 10-20 қауыннан даярлаймыз. Яғни 10 килограмм қауыннан 1 килограмм қытырлақ қауын әзірленеді. Алда өнім санын көбейтіп нарыққа шығарсақ деген жоспарымыз бар”, – деді Самалбек Оразбайұлы.

Тағы да оқыңыз: