Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде бірқатар іс-шаралар кешені қарастырылған.

Атап айтқанда, аймақ басшысының қолдауымен 2021 жылға 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясында орын алған апаттың 35 жыл толуына орай Чернобыль атом электр станциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар мен  мүгедектеріне қосымша қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 245 адамға 28,5 млн.теңге қаражат бөлінді.

Одан бөлек, 2021 жылға Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай Семей ядролық сынақ полигонының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 479 адамға 53,8 млн.теңге қаражат бөлінді. Әлеуметтік көмек алушылардың әрқайсысына 40 АЕК, немесе 116680 теңге мөлшерінде төленеді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандар даярлауға халықтың осал топтары қатарынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек тағайындауға облыс әкімінің 100 гранты бөлінді. Оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, мүгедек балалар, ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, асыраушысынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аймақ басшысының грантын алуға мүмкіндік қарастырылған.

Байқоңыр қаласында коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларныа тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының шығыстарына жол берілетін шекті шығыстар үлесі 14 пайыздан 10 пайызға төмендетілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қосымша 180 млн.теңге қаражат бөлінді.

Тағы да оқыңыз: