Kyzylorda-news.kz. «Бастау» жобасы өткен жылдан бастап онлайн өткізілуде. Жоба аясында 2020 жылы Қызылорда облысы бойынша 2150 адамды оқыту жоспарланып, 2181 азамат сертификат алды. Олардың 1966-сы «аяқтағаны туралы», 205-і «қатысқаны туралы құжатқа ие болған.

Өткен жылы жоба аясында оқыған азаматтардың ішінде жалпы сомасы 422,1 млн теңгені құрайтын 746 қызылордалықтың жобасы қаржыландырылған. Оның 411,2 млн. теңгені құрайтын 741 жобасы мемлекеттік грант есебінен қаржыландырылса, 10,9 млн.теңгені құрайтын 5 жоба мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.

«Өткен жылы жоба 10 маусымда басталып, Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында өткізілді. Елде төтенше жағдай жариялануына және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты оқытудың кейбір ерекшеліктері болды. Оқу карантиге орай онлайн жүргізілді. Егер тыңдаушы белгілі бір дағдылар мен білімге ие болса және бейне сабақтарына тапсырмаларды сәтті орындаса, ол оқуды ертерек аяқтай алды», – дейді кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Тағы да оқыңыз: