Қазақстанда қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайды

12.07.2021, 17:00

850 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй бағасына қатысты болжам жасады.

«Біз үнемі бағаны қадағалап отырамыз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3,8%-ға өсуі байқалса, екінші деңгейлі үйдің бағасы 7,2%-ға көтерілді. Ал маусым айында бұл көрсеткіш екінші деңгейлі үйлерге 1,2%-ға, ал жаңа баспанаға 0,9%-ға артқан», – деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде.

Ол күзге қарай тұрғын үй бағасының тұрақталуы күтілетінін айтты. 

«Біз маусым-шілде айларында бағалар тұрақтануы керек деп жоспарлап отырмыз. Бағаның өсуі зейнетақының бір бөлігін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныстың жоғарылауымен байланысты болды. Менің ойымша, бізде маусым-шілде айларында бағаның тұрақтануы байқалады. Менің жеке болжамдарым бойынша, қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайтын болады”, – деп қорытындылады вице-министр.

Stan.kz

0

Пікір қалдыру