Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысанның бірі – Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана ғимараты.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар үшін маңызы зор нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда мердігер мекеме нысанның «А» блогы бойынша жылу жүйесін жүргізу және вентиляция орнату жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың төбесіне шатыр жабу жұмыстары да аяқталып, кафель жабыстыру, электр желісін жүргізу, ішкі есіктерін орнату жұмыстары және лифт монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «А,Б,В» блоктары бойынша ғимараттың ауа желдеткішіне құрал-жабдықтарын орнату және ауланы абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ғимаратты мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен бірге аралап болған соң, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.

Тағы да оқыңыз: