Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданы бойынша 17 685 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде күрiш көлемі 6637 гектарды құрайды. Ауданда күріш егу жұмыстары сәуір айының 25-де басталып, 31 мамырда толығымен аяқталды.
«Қазіргі таңда егілген күріштің 6088 га суға бастырылды. Әліде 389 га жер суға бастырылмаған. Суға бастырудың оңтайлы мерзімі 5-ші маусымға аяқталуы тиіс. Дегенмен қазіргі уақытта әлі де 10 күнге созылуы мүмкін. Бүгінде күріштің пісу мерзімі қысқа «Сыр сұлуы» сорты егілуде»,-деді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков.
Қазалыда суды тиімді пайдалану мақсатында шаруашылықтар өз күштерімен 9,2 км шаруашылық, 12,7 км ішкі шаруашылық каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді.