Kyzylorda-news.kz. Биыл Қармақшы ауданында тіркелген кәсіпкерлік субьектілердің саны 3166 бірлікті құрады. Оның 85 пайызы жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков мәлімдеді.

«Аудан бойынша кәсіпкерлік негіздерінен 675 адам оқытылды. Оның ішінде «Бастау-бизнес» жобасымен 350 адам, «Бизнес-кеңесші» жобасымен 215 адам, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 110 адам. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 118 кәсіпкер шағын несие алды. Ал бағдарламаның гранттық қолдауы бойынша 197 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Сонымен қатар, ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар тиісті мөлшерде өнім өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 94,3 пайызға артты», – деді Мұса Оспанұлы.

Мұнан өзге, ауданда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2 жоба қаржыландырылуда. Атап айтқанда, Жосалы кентіндегі «Елубаев Әмиттің» жеке қожалығы «Жиһаз цехын ашу» және Қуандария ауылындағы «Олжа» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас сиырын сатып алу жобасы бойынша жұмыс жасауда.

Тағы да оқыңыз: