Kyzylorda-news.kz   «AMANAT» партиясы аудандық партия филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысты партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы ашып, жүргізді. Отырысқа комиссия мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, сала басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Күн тәртібі бірауыздан мақұлданған соң, хабарламашылар баяндама жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді. Негізінен, бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2024 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы бойынша Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Жанар Жұмабаева баяндама жасады. Ал Іңкәрдария ауылдық округінің әкімінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы бойынша ауылдық округ әкімі Сәулет Есдәулетовтің есебі тыңдалды.

– Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы аудан медицинасында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.  Шын мәнінде, ақ халатты абзал жандар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуда, саламатты өмір салтын ұстану барысында жасап жұмысы ауқымды саналады. Өз кезегінде көптеген мәліметтерге қаныға білдік. Алдағы уақытта аурухана ұжымының жұмысына табыс тілейміз. Сонымен қатар шалғайда орналасқан Іңкәрдария ауылында жүзеге асып жатқан жобаларға назар аударып отырмыз. Берекесі тасыған, ілкімді істерімен ерекше білген ауыл жұртшылығын әл-аухатын жақсартуға тың жобала жасала беру керек деп ойлаймыз, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Отырыс соңында қаулы қабылданып, қорытындыланды.

Тағы да оқыңыз: