Kyzylorda-news.kz.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында елдің дамуына қатысты көптеген мәселені қозғап, алдағы жоспарларды айқындап берді. Осы орайда Мемлекет басшысы экономика саласына соның ішінде іскерлік белсенділікті ынталандыру мен еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру мәселесіне мән берді.

Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр, яғни ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек, – деді Президент.

Елдің дамуы экономикаға байланысты екені түсінікті. Сондықтан барлық күш-жігер осы саланы көтеруге жұмсалып жатқаны айқын. Әсіресе ол республиканың өңірлерінде айрықша көрініс тапқан. Мәселен, біздің облыста өндірісті дамыту бағытында мемлекеттік жоба мен бағдарламалар аясында түрлі жұмыстар мен бастамалар қолға алынып келеді. Соның нәтижесінде Сыр елінің өндірістік әлеуеті жылдан-жылға ұлғаюда. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарының ашылуына және халықтың кәсіпкерлікке бет бұруына үлкен септігін тигізеді.

Табыстың көзі – тұз

«Аралтұз» зауытында жаңадан іске қосылған ІІІ испан цехы жұмыс жасайды.

Өңір басшысы өндіріс орнының еліміз үшін ғана емес, көршілес мемлекеттер үшін экономикалық маңызына тоқталып, өнім өндіру мәселесінің өзекті екенін жеткізген еді.

Айта кетейік, «Аралтұз» зауыты жылына 600 мың тонна тұз өндіруге қауқарлы. Өнім Қазақстан және ТМД елдері нарығына жеткізіледі. Бүгінде 1200 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Бұған дейін аталған өндіріс орны индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде ас тұзы мен техникалық тұз өндіретін испан цехын іске қосты. ІІІ испан цехы 2021 жылы іске қосылған. Жоба құны 3 млрд теңгені құрайды.

 

Тағы да оқыңыз: