«Нұрлы жол»: Қызылордада 34 жоба жүзеге асырылады – Kyzylorda News
Басты бет

«Нұрлы жол»: Қызылордада 34 жоба жүзеге асырылады

21.01.2022, 17:35

1121 0

Kyzylorda-news.kz. Осы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелерді және көпір өткелдерін жөндеуге 12,7 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, ұзындығы 239 шақырым жол желісін жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов.

«Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 183 шақырымды құрайтын 34 жоба жүзеге асырылады. Соның ішінде ең маңыздысы 9 көпір өткелі. 18 жаңа, 16-ы 2021 жылдан өтпелі жобалар бар. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін 82%-ға жеткізу жоспарланған. Ал, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі ауданының бірқатар ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.