Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Самұрық-Қазына” қорының газ саласындағы жұмысын реформалау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент бизнесмендермен кездесуінде үкіметке мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да бірқатар салада тәртіп орнату қажеттігін хабарлады. Бұл ретте жаңа өндірістерді ынталандыруда табиғи газбен қамтамасыз ету де ерекше рөл атқарады.

“Самұрық-Қазынаны”  реформалау аясында ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге басымдық берілуге тиіс. Кәсіпкерлер ғана емес, облыс әкімдері де үкіметке, тіпті маған индустриялды жобаларды жүзеге асыру үшін газ бөлу туралы өтініштерін айтып жатыр. Ал газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдайға енді жол берілмейді”, – деді республика президенті.

Тағы да оқыңыз: