Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың мүлік салығын ағымдағы жылдың 1-қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады.
Салық сомасын kgd.gov.kz Комитет порталының алдағы төлемдер сервисінен, E-salyq Azamat мобильді қосымшасында, сондайақ банктердің kaspi.kz, homebank мобильді қосымшаларынан көруге болады. Мұнда сіз салық сомасын төлей аласыз. Салық төлеу арқылы балаларымызға лайықты болашақ сыйлаймыз және елдің дамуына өз үлесімізді қосамыз