Kyzylorda-news.kz ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады.

Сапар барысында фракция мүшесі аудан әкімі Мажит Самитовпен бірге алдымен «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Іргетасы 1958 жылы қаланған ескі емхана ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 320,0 млн теңге, «Қазақстан Халқына» қорынан қондырғылар мен құрал-жабдықтар алуға 330 млн теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қондырғылары орнатылды. Шілде айында ел игілігіне беру жоспарлануда. Орталық ашылғанда 500-ге жуық ерекше күтімді қажет ететін балалар оңалту шараларымен қамтылатын болады.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов керек-жарақтармен, яғни, балаларға арнайы алынған құрылғылармен танысты. Одан бөлек, орталықтың сыртқы бейнесін бақылап, құрылыс жұмысына оң бағасын берді.

Мұнан соң фракция мүшесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан «Саяжай» мөлтек ауданындағы 600 орындық мектепке арнайы барып, құрылыс жұмысымен танысты.

Тағы да оқыңыз: