Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы жұмыс сапарын Арал ауданынан бастады.

Мәжіліс депутатыалдымен «AMANAT» партиясының Жол картасына енген Арал қаласындағы Темір жол өткелі арқалы өтетін автожол көпірінің құрылысымен танысты. 

Жоба құны – 3 141,6 млн тг құрайтын көпір құрылысында мердігер «РИТМ» ЖШС қағылуға тиісті 176 дана свай бағандарының барлығы түгел қағылып, коммунакациялық желілер ыңғайлы орынға ауыстырылғанын баяндады. Қазіргі таңда, құрылыс барысы бетон құю жұмыстарымен жалғасуда. Нысан басына құрылыс материалдары толық жеткізілген. Жұмыстардың 65 % орындалған. 
Өз кезегінде Мархабат Жайымбетұлы мердігерге құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырып, проблемалық мәселелер туындаған жағдайда жан жақты қолдауға уәде етті. 

Тағы да оқыңыз: