Kyzylorda-news.kz Өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Ағымдағы кредиттік міндеттемелерді төлеуге мүмкіндік болмай кететін жайттар кездеседі. Мұндай жағдайда не істеу керек? Ең бастысы – шыдамсыздыққа салынбай, жағдайды кредит берушімен жайбарақат талқылау қажет. Оның үстіне, жағдайды сәтті шешудің барлық тетіктері бар. 

Туындаған проблемалық берешекті қалай шешуге болатынын және бұл үшін қандай заңнамалық тетіктер бар екенін Fingramota.kz айтып береді.  

Қарыз алушылар қалай қорғалған? 

Барлық азаматтардың кез келген төлем мерзімі өткен берешегін реттеу үшін 2021 жылғы қазан айында банктер мен МҚҰ-ның жеке тұлғалардың төлем мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай және міндетті сотқа дейінгі тәртібі заңнамалық түрде енгізілді. Қарыз алушылардың жолданымдарын қарауға кредит берушілердің формальды көзқарасы және 6 және одан да көп айға созылатын шешім қабылдау рәсімінің ұзақтығы бірыңғай тәртіпті енгізудің алғышарттары болды.

Сол кезден бастап нормативтік құқықтық актілерге кредиттер бойынша төлем  мерзімін кешіктірумен байланысты мәселені тез және тиімді шешуге мүмкіндік беретін көптеген түзетулер енгізілді. Нәтижесінде бірыңғай тәртіп өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз қарыздары бойынша төлем жасай алмайтын азаматтарға арналды.

1. Тәртіпке сәйкес банктер мен МҚҰ төлем мерзімі кешіктірілген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Хабарламада кредиторлар сондай-ақ туындаған мерзімі өткен берешектің нақты мөлшерін, олардың банкке немесе МҚҰ-ға жүгіну құқығын және кредиттер мен микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдарын көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі туралы азаматтарды хабардар етуге тиіс.

2. Қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кредиторға қарызды қайта құрылымдау үшін жазбаша өтінішпен, сондай-ақ цифрландыру объектілері арқылы не кредиттік шартта жазылған өзге де тәсілмен жүгінуге құқылы. Өтініште кешіктірудің себебі және ықтимал қайта құрылымдау нұсқалары көрсетіледі.

3. Қарызды қайта құрылымдау талаптары:

сыйақы мөлшерлемесін азайту;
төлемді кейінге қалдыру;
өтеу әдісін өзгерту;
қарыз мерзімін ұлғайту;
мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, айыпақыны (айыппұл, өсімпұл), комиссияларды және қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді жою;
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес сату немесе кепіл мүлкін кредиторға беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну;
сатып алушыға міндеттемені бере отырып, жылжымайтын мүлікті сату түрінде болуы мүмкін.
4. Кредитор күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушыларға өтінішке жауап беруі керек.

Анықтама үшін: 2021 жылдан бастап бірыңғай тәртіп 1,7 млн қарыз алушыға шарттардың талаптарын өзгертуге мүмкіндік берді, оның ішінде 2024 жылы кредиторлар 420 мыңнан астам қарыз алушының (189 мың банк қарыз алушысы, 231 мың МҚҰ қарыз алушысы) қарыздарын қайта құрылымдады.

Банктер мен МҚҰ-ға қандай жаңа талаптар белгіленді? 

Азаматтардың проблемалық берешегін реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің тиімділігін арттыру үшін банктер мен МҚҰ-ға жаңа талаптар белгіленді.

Мәселен, егер 2021 жылғы 1 қазандағы заңда қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға мерзімі өткен берешекті реттеуге 30 күн ішінде өтініш бере алса, онда ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап нормативтік құқықтық акт қарыз шартының талаптарын өзгертуге, оның ішінде мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң өтініш беруге мүмкіндік береді.

Демек, қарыз алушы мерзімнің өту күніне қатаң байланысты емес және кез-келген ыңғайлы уақытта қарызды реттеу үшін кредиторға жүгіне алады. Жаңа ережелер банктің мобильдік қосымшасы арқылы банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш беруге мүмкіндік береді.

Тағы бір норма банктер мен МҚҰ кредитті қайта құрылымдау мәселесін қарау үшін қарыз алушыдан мерзімі өткен берешекті немесе оның бір бөлігін біржолғы өтеуді талап ете алмайтынын көздейді.

Іс жүзінде кредит бойынша төлемдердің жаңа кестесін ұсыну үшін көптеген банктер мен МҚҰ қарыз алушыдан алдымен берешек сомасының 20-30%-ы мөлшерінде жарна төлеуді талап еткен және осыдан кейін ғана қайта құрылымдау мәселесін шешуге кіріскен. Енді мұндай практика болмайды.

Азаматтардың Агенттікке жолданымдарынан банктер кредиті бойынша мерзімін өткізу пайда болған қарыз алушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде толық ақпарат бермейтін проблеманың орын алатыны белгілі болды.

Ендігі жерде Агенттік бекіткен қарыз алушыны пайда болған мерзімі өткізу туралы хабардар ету нысанында негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешектің толық сомасы, сондай-ақ есептелген сыйақы көрсетілетін болады. Сонымен қатар, хабарламада негізгі борышты қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін есептелген айыпақының (өсімпұлдың) сомасы болуға тиіс.

Fingramota.png

Бұдан былай банк қызметкері кредит бойынша мерзімін өткізуі бар  клиентті жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде тұрғылықты жері не қарыз алушының орналасқан жері, не қарыз алушының тіркелген жері бойынша не банктің (филиалдың) үй-жайында аптасына үш реттен артық емес және жұмыс күні бір реттен артық емес хабардар ете алады.

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде үш реттен артық емес және демалыс және мереке күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі кезеңде банктің бастамасы бойынша телефон арқылы келіссөздер жүргізу арқылы екі реттен артық емес.

Банктің үшінші тұлғамен өзара іс-әрекеттесуіне мерзімі өткен берешекті реттеу және (немесе) өтеу үшін қарыз алушының орналасқан жерін және (немесе) байланыс деректерін белгілеу мақсатында жол беріледі.

Ұқсас нормалар коллекторлық агенттіктер үшін де белгіленген.

2024 жылғы маусымда заңнамалық өзгерістердің үлкен блогі қабылданды. Мәселен, жаңа заңнамаға сәйкес кредитордың қарыз алушыны туындаған мерзімін өткізу туралы хабардар ету мерзімі 20-дан 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте кредитордың кредит беру шартының талаптарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қайта құрылымдау талаптары бойынша келісімге қол жеткізбеу реттеуден бас тарту болып есептеледі.

2024 жылғы желтоқсанда омбудсмандар бойынша инновациялар қабылданды. Ендігі жерде кредитормен келісімге келмеген жағдайда банктік немесе микроқаржы омбудсманына жүгіну қажет. Олардың шешімдері кредиттік ұйымдар үшін міндетті болып табылады.

Осылайша, азаматтарға кредиттерін төлеуге байланысты кез-келген мәселелерді проблемасыз және қаржылық шығындарсыз шешуге мүмкіндік беретін ыңғайлы және тиімді тетік ұсынылып отыр.

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Фото: FinGramota.kz

Тағы да оқыңыз: