Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды және жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. 

Сонымен қоса еліміздің әрбір өңірін абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына қоғамның бірлесе жұмылуы өте маңызды екендігін ерекше атап көрсетті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

    Осыған сәйкес биыл аудан орталығы Тереңөзек кентінде тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылады. Бұған дейін осы мәселе жөнінде аудан әкімі көпқаббаты үй тұрғындарының ұсыныс-пікірлерімен танысқан болатын.

    – Балалар ойын алаңы салынып балалар өте қатты қуанатын болды. Ауламыздың көркейіп, өзгеруіне тұрғындар да дән риза. Ауламызда кешкілік балаларды ойнатып, серуендеуге қолайлы жағдай жасаланатыны тұрғындарды қуантады. Көпқабатты үй тұрғындарын ауламызды бірлесе таза әрі ұқыпты ұстауға шақырамын, – дейді көпқабатты үй тұрғыны.

    Көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарын мердігер мекеме «СПК Бірлік» ЖШС-і атқаруда. Бүгінгі күнге, жол жиектерін орналастыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

    Алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары аясында мердігер мекеме аумақтарды тегістеу және тазалау, абаттандыру, жолдарды, автотұрақтармен тротуарларды асфальтпен жабу, балалар ойын алаңдарын және тынығу алеясын орналастыру және тағы да басқа бірқатар жұмыстар атқарылатын болады.

Тағы да оқыңыз: