Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы қай бағытта болсын жыл өткен сайын серпінді дамып келеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы артқан сайын, облыс орталығының да даму көрсеткіші көңілге қонымды. Әсіресе, шаһардың басты құрылыс алаңына айналуын ерекше атап өткен жөн.  Жалпы қала бюджетіның биылғы көлемі  58,2 миллиард теңге болып бекітілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 93,5 миллиард теңгені құраған. Бұл қаражаттардың дені облыс орталығының инженерлік–инфрақұрылымын дамыту, коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіруге бағытталған. Мұның барлығы халықтың игілігіне, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. 

Бүгінде аймақ басшысының облыс орталығының дамуын маңызды мәселе ретінде қарап, қолдау көрсетуі нәтижесінде жол-көлік инфрақұрылымы, абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, демеушілік есебінен салынып жатқан әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы қала дамуына оң серпін беруде. Әсіресе, қызылордалықтар үшін күрмеулі мәселеге айналған қоғамдық көлік жайы мен көгалдындыру мәселесі де соңғы жылдары оң шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда, Қызылорда қаласын көгалдандыру жұмыстарын қамтамасыз етуде «Жасыл-Қызылорда» мекемесі құрылып, қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету, көгалдандыру саласындағы өзекті мәселелердің уақытылы шешілуіне оңтайлы қадамдар жасалуда. Жұмыс барысын биыл алғаш бастаған мекеме келер жылы толыққанды жұмыс ісьеп, көгалдандыру ісі біршама оңалады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қоғамдық көлік саласындағы қордалаған  мәселелер шешімін тауып, тұрғындардың жолаушылар тасымалына қатысты шағымдары едәуір төмендеген.

Жалпы алғанда қаладағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жақсарту мақсатында біршама жұмыстар жасалынып келеді. Шешімін табуы тиіс істерде жетерлік. Мұның барлығы кезең-кезеңімен оң шешімін табатын болады. Жоғарыда қала бюджетінің 93,5 миллиард теңгені құраған айтқан едік. Соның аясында қазіргі таңда республикалық және облыстық, қалалық бюджеттен бөлінген 55,4 миллиард теңгеге116 жоба жүзеге асырылуда. Қала бюджетін жыл соңына дейін 100 миллиард теңгеден асыру көзделіп отыр. Бұл ретте қаланың коммуналдық шаруашылығын жақсартуға басымдық берілмек. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда елді мекендерді сапалы ауыз сумен және табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі әрқашан күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі болған. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының тұрғындарына күнделікті тәулігіне 95-105 мың текше метр ауыз су өндіріліп тұтынушыға беріліп отыр. Қала тұрғындарын 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен толық қамтылған. Оның ішінде сексен мыңнан астам жеке тұлғалар, екі жүзден астам бюджеттік мекемелер, төрт мыңнан астам заңды және өзге де тұтынушылар бар. Былтыр тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттерден

3,8 милилард теңге қаралып, қала аумағындағы коммуналдық желілер жаңаланған. Биыл «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 18,7 шақырымды құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады. Оған бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде ұзындығы 8 шақырым болатын Универсам-Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғыртуға – 302 миллион теңге, ұзындығы 6,9 шақырым болатын қаланың орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғыртуға – 531,9 миллион теңге, ұзындығы 3,8 шақырым болатын Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің құрылысына – 64,8 миллион теңге, ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыру жобасын қосымша қаржыландыруға - 147,6 миллион теңге қаражат қарастырылған. 

Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын әсіресе 4-ші және 5-ші қабаттағы тұрғындардың көптен бергі талап-тілектері судың қысымы мен сапасын жақсартуға былтырғы жылы бөлінген 620 миллион теңгеге 6 дана су қысымын көтеру насос қондырғылары және 50 скважынаны қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жоба құрылысы аяқталып, су қысымын көтеру насос қондырғылары іске қосылатын болады. Осы жоба арқылы «Южный», «Титов», «Мерей», «Ескі базар» аумақтары мен орталық алаң маңындағы көпқабатты тұрғын үйлерге сапалы және тұрақты қысымды ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар 6 су қысымын көтеру насос қондырғыларын орнату үшін жоба жасалып қалалық бюджеттен 3 орнатуға қаражат 250,0 миллион теңге бөлінген және 3 жобасы жасалуда және Тасбөгет кентіндегі бірінші насосныйды қайта жаңғырту үшін жоба жасауға 105,0 миллион теңге қаралып, жоба әзірленуде.

Бұдан бөлек газбен жабдықтау мсәелесі бойынша қалаға қарасты ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2022 жылы Ақсуат ауылдық округі, 2023 жылы Қосышыңырау ауылдық округі табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, халық ризашылығын білдірген болатын. Бұл игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табады. Ал биыл осы жобалардың жалғасы ретінде, Сабалақ саяжайы, Қызылөзек, Ақжарма ауылдық округтерін табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған. Бұл жобалар бойынша жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтілуде (Ақжарма а/о сараптама қорытындысы алынған, қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім беріледі. Сабалақ саяжайы бойынша ішкі орам газ желісін жүргізу үшін сараптама қорытындысы алынған). Бірінші кезекте, Сабалақ саяжайының тұрғындарын табиғи газмен қамтамасыз ету жоспарланған. Жоба құны – 3 миллиард теңгені құрайды. Жоба сыртқы және ішкі орам бойынша 2 кезең арқылы жүзеге асырылмақ. 

Қазіргі таңда, саяжайға сыртқы орам газ желісін тартудың 
1 кезеңі бойынша мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Оған 1 милилард теңге қаралып, маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал 2 кезеңі бойынша құны 2 миллиард теңгені құрайтын ішкі орам газ желісін жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылуда. Жуық арада жеңімпаз мекеме анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталатын болады деп күтілуде. Сондай-ақ, келер жылы Белкөл кентіне қарасты Бірқазан елді мекенін көгілдір отынмен қамтамасыз ету жобасы қараатын болады. Осылайша қала және оған қарасты елді мекендер толық табиғи газбен қамтылатын болады деп жоспарлануда. Оның ішінде кент және ауылдық округтерде газдандырылмаған аймақтар бойынша Тасбөгет кентіндегі Сабалақ саяжайы 100 пайыз, Ақжарма ауылдық округі 100 пайыз Қызылөзек ауылдық округі 100 пайыз, Белкөл кентіндегі Бірқазан елді мекені 100 пайыз газбен қамтылады деп күтілуде. Ал қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кенттері, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Қызылжарма, Талсуат ауылдық округтері газ жүйесіне толық қосылған. Қазіргі таңда, қала аумағында кварталішілік газ құбырларының желісін салу жұмыс жобасы бойынша 14,2 миллион теңгеге жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылды. Жоба құны 800.0 миллион теңгені құраған. Тиісті қорытындысы алынғаннан кейін бюджеттен қаржы қарастыру мәселесі көтерілетін болады. Осы жоба ішінде, Саяхат, Сәулет, КБИ, Гагарин, Титов, Арай-Шұғыла, СПМК-70, Бәйтерек, Әль-Фараби тұрғын аудандарында орналасқан тұрғын үйлер қамтылған.

Ал электр және жылу желісі бойынша қала және кент пен ауылдық округтерде әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын секторларындағы электр желісінің құрылысы мен қайта жаңғырту үшін 10 жоба жүзеге асырылуда. Оған бюджеттен 1,8 миллиард теңге қаралып отыр. Одан бөлек, қаладағы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын жылу желілерін жаңғырту бойынша 6 нысанға 6,2 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қалада жол-көлік инфрақұрылымы бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстарды атқаруға 31,7 миллиард теңге қаралған. Ал өткен жылы 12,0 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі таңда қала, оған қарасты кент және ауылдық округтердегі ұзындығы 112,8 шақырымды құрайтын 95 көшеге орташа жол жөндеу, қайта жаңғырту, жол және көпір құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдайлар жасалмақ. Атап айтқанда, қала бойынша ұзындығы 73,3 км құрайтын 23,9 миллиард теңгеге 57 көше оның ішінде 2 көпір салуға, 4 көшені қайта жаңғыртуға, 1 жол құрылысын жүргізуге, 35 көшені орташа жөндеуден өткізуге, 15 көшеге қиыршық тас төсеуге,  кент және ауылдық округтерге ұзындығы 39,5 км құрайтын 1,3 миллиард теңгеге 38 көше оның ішінде 5 көшені күрделі жөндеуге, 4 көшені қайта жаңғыртуға, 10 көшеге орташа жол жөндеуге, 19 көшеге қиыршық тас төсеуге, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 33 көшеге 942,8 милилон теңге бөлінген.

 Сонымен бірге қала көшелеріндегі бұзылған асфальт қабатын қайта қалпына келтіру үшін қалалық бюджеттен 158,2 миллион теңге қаралған. Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыс көлемі 23 мың шаршы метрді құраса, бүгінгі күні оның 17 мың шаршы метрді құрайтын жұмыс көлемі аяқталған. Оның ішінде Белкөл кентіне барар жол мен Нұрмақов, Берденов, Бозғұлов, Төле би, Махамбетов, Ақмаржан-35, Мұратбаев, Жаппасбай батыр, Жеңіс, Қорқыт ата, Хон Бен До көшелері, Арай мөлтек ауданы, Ақмешіт мөлтек ауданы,  Титов тұрғын ауданы, Сейхун, С.Бейбарыс көшесіне шығатын жолдары, жаңа ТЭЦ мекемесіне кіре-беріс жолы бар. Ал қалған алты мың шаршы метрді құрайтын қаладағы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, Сағымбаев көшесін (Торайғыров көшесінен Қызылорда-Құмкөл автожолына дейін), Тәуелсіздік даңғылын (Сұлтан Бейбарыс көшесінен Саламатов көшесіне дейін), Самара-Шымкент-Қызылорда жолы (Аспалы көпірден Азер көпір аралығы) қайта жаңғырту үшін және 50 көшеге күрделі жөндеуге 11 көшеге орташа жөндеуге жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қалада атқарылған жұмыстардың тағы бір бөлігін абаттандыру жұмыстары құрайды. Бұл бағытта облыс орталығының озық сәулеттік үлгісін қалыптастыру, заманауи келбетін айшықтау мақсатында көшелердің бойын, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда. Осы жұмыстарға облыстық бюджеттен 12,7 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның ішінде маңызды деген жобаларға басымдық берілген. Атап айтқанда, жалпы қала аумағында 250 жуық балалар ойын алаңы орнатылған. Оның ішінде 2022 жылы демеушілер есебінен 50 дана және бюджеттен 3 дана ойын алаңдары салынған. Ал өткен жылы 14 ойын алаңы жаңадан салынған. Тағы бес ойын алаңы күрделі жөндеуден өткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, биыл 8 ойын алаңын салуға (64 млн. теңге) және 25 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалардың ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 64 миллион теңге қаражат тартылған. Оның ішінде 10 ойын алаңға күрделі жөндеу, 15 ойын алаңына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба құны 1,0 миллиард теңгені құрайды.

Бұдан бөлек қала және кент пен ауылдық округтерге ұзындығы  81 шақырымды құрайтын 75 көшеге жарық бағаналары орнатылуда. Атап айтқанда, қала аумағындағы ұзындығы 59,2 шақырымды құрайтын 54 көшеге жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның құрылысына 1,3 миллиард теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, кент пен ауылдық округтердің ұзындығы 21,8 шақырымды құрайтын 21 көшесіне жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны құны 55,5 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен қоса, жалпы құны 2,3 миллиард теңгеге ұзындығы 60,8 шақырымды құрайтын 59 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Оның ішінде кент пен ауылдық округтер бойынша 523,5 миллион теңгеге ұзындығы 10,7 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи көшесі де абаттандырылатын болады. Оған облыстық бюджеттен 725 миллион теңге қаралған. Қазіргі таңда Назарбаев даңғылының бойы жаңа стильдегі үлгіде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 262,9 миллион теңге бөлінген. Биыл қала аумағына заман талабына сай 10 аялдама салынуда. Аталған аялдамаларды орнатуға 52,5 миллион теңге қаражат қарастырылған.

Облыс орталығындағы шешуді қажет ететін тағы бір мәселе – көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жайы. Бұл ретте де біршама тындырымды істер жүзеге асырылмақ. Қала аумағында орналасқан 21 көппәтерлі үйді жөндеуден (модренизация) өткізуге 1,9 миллиард теңге қаржы қаралып отыр. Оның ішінде Абай даңғылы №51А, Қорқыт Ата №140, Сырдария ауданы №11, Чайковский көшесі №8, Тоқмағанбетов №25, Әуезов №20, Бөкейхан №37, Қорқыт Ата №3А, Шұғыла м/а №42, Байсейтова №102, Бегім Ана №9, Бегім Ана №17, Тәжібаев №25, Абай даңғылы №41, Шұғыла мөлтек ауданы №30, Жетікөл көшесі №30, Абай давңғылы №43, Желтоқсан №6, Шүкіров №31, Шұғыла мөлтек ауданы №51, Шұғыла мөлтек ауданы №24А үйлері бар. Құрылыс жұмыстары жақын күндері бастау алатын болады. Қазіргі таңда, ҚР министрлік тарапынан келісім беру күтілуде.

Бас шаһардың санитарлық-тазалық мәселесі де қашаннан өзекті болған. Биыл бұл бағытта қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 1,6 миллиард теңге қаражат бөлінген. Қала көшелерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына қаралған қаржы қаланың 260 көшесін тазартуға бөлінген болса, іс жүзінде 400 ден астам көшеге жүргізілуде. Оның ішінде 894,7 миллион теңгеге қала көшелерін таза ұстауға, елді мекендегі санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады (оның ішінде: құм мен тұз араласқан қоспа сатып алуға 5,6 миллион теңге және тұрмыстық қатты қалдықтарды заласыздандыуға 82,1 миллион теңге) 10,3 миллион теңгеге құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және заласыздандыру жұмыстары, 12,3 миллион теңгеге коммуналдық қалдықтарды басқару жоспарын жасау жұмысы, 751,4 миллион теңгеге санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Қызылорда өңіріндегі биылғы басты жаңалық ыстық судың келуі болып отыр. Биыл қаланың бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер ыстық су мен қамтамасыз етілетін болады деп жоспарланған. Оған бюджеттен 11 миллиард теңге бөлініп, 187 тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз етілетін болады деп күтілуде. Бүгінде Қызылорда қаласындағы 781 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған болса, оның ішінде174 үйді ыстық суға қосуға мүмкіндігі бар (68 тұрғын үй дайын). Сонымен қатар, 424 үй қаржыландыруды қажет етеді екен. Бұдан бөлек, 184 үйді қосу мүмкін емес. Себебі, аталған тұрғын үйлердің өжірелері, жылу элеваторы жоқ, кейбір тұрғын үйлер апатты болып тіркелген. Ал демеушілік есебінен қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үйді ыстық су жүйесіне қосу үшін құны 26,2 миллиард теңгені құрайтын 32 жоба әзірленген. Аталған жұмыстар екі кезеңмен жүзеге асырылмақ. Оның бірінші кезеңінде, яғни биылғы жылы 187 үй ыстық суға қосылса, келер жылы екінші кезеңде 237 үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда, құрылған арнайы жұмысшы топ қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үй пәтер иелерімен орталықтандырылған ыстық суға қосу және оны жүргізу бағытында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап үйлерді ыстық суға қосудың құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда.

Қызылорданы көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде туған жерді түлетуге үлсе қосп жүрген демеушілердің де орасан зор еңбегі барын атап өткен жөн. Биылға демеушілік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үйлер мен 4 әлеуметтік нысандардың қасбеттерін заманауи үлгіде әрлеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінде 29 нысанның сыртқы келбеттерін сырлау жұмыстары толығымен аяқталған. Оған демеушілікпен құны 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалып,  27 үй, 2 мектептің сыртық қасбеті заманауи үлгіде қайта жаңғыртылған.

Ал қала бойынша кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлікті күтіп-ұстау бойынша да ілкімді істер атқарылуда. Жалпы қала аумағында 1022 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 51 тұрғын үйі апаттық деп танылған. Оның ішінде 872 көпқабатты тұрғын үйге пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді, ал 150 көпқабатты тұрғын үй иесіз. Бұл бірнеше жылдан бері келе жатқан күрмеуі қиын күрделі мәселеге айналған. Қазіргі таңда, аталған иесіз көпқабатты тұрғын үйлерді қалада осы бағытта қызмет көрсетіп келетін 18 басқарушы органға шамамен 8 - 9 үйден өткізу үшін келісім шартқа отыруда. Одан бөлек, бұған дейін «Қызылорда тазалығы» мекемесі қала аумағындағы 279 көпқабатты тұрғын үйді күтіп-ұстау қызметін көрсетіп келген болатын. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің нұсқамасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап, «Қызылорда тазалығы» мекемесін көпқабатты тұрғын үйді басқару құқығынан тоқтатты. Қазіргі таңда, аталған көпқабатты тұрғын үйді қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсетіп келе жатқан басқарушы мекемеге («Айрис» ЖШС) беру жөнінде пәтер иелерімен жиналыстар ұйымдастырылуда. Алдағы шілде - тамыз айларында бұл бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталады деп күтілуде.

Қаланың коммуналдық шаруашылығына қарасты тағы бір бағыт тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны және қоқыс сұрыптау кешенін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру. Бұл жұмыстарды атқару бойынша осыдан төрт жыл бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша салынған «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны және қоқыс сұрыптау кешені» нысаны пайдалануға берілген еді. Аталған нысан «Қызылорда тазалығы» мекемесінің теңгерімінде болып, коммуналдық қалдықтарды көму, сұрыптау қызметін жүзеге асырып келді. Енді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің нұсқамасына сәйкес, «Қызылорда тазалығы» мекемесіне коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигоның құру және пайдалану қызметі түрі рұқсат етілмеді (ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы 1095 қаулысы).

Осыған байланысты, аталған мемлекеттік меншіктегі нысанды сақтап қалу мақсатында 15 (он бес) жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы қала әкімдігінің 12.02.2024 жылғы №154 қаулысымен шешім қабылданған. Бұл бойынша тендер ұйымдастырылып, жеңімпаз мекеме ретінде «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС анықталған.Қазіргі таңда сенімгерлік басқарушы мекеме өз жұмысын жүзеге асыруда. Мұнан бөлек, полигон маңынан Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының құрылысын салу жоспарлануда. Бұл жобаны мердігер «With You e&c Kyzylorda» ЖШС мекемесі жүзеге асырмақ. Жеке инвестордың бизнес жоспары әзірленген. Қазіргі таңда 4 гектар жер учаскесін табыстау құжаттары рәсімделуде. Жоба Республикалық Индустриалды картасына енгізілуде.

Жалпы қалада тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар ауқымы кең. Осы уақытқа дейін, қаладағы ең өзекті деген мәселелер оң шешімін тауып келеді. Салада күрделенген мәселелер әлі де жетерлік. Десе де аталған мәселелрді жөндеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ. Бұл аталған өзекті мәселелер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қозғалған болатын. Сессия барысында саладағы кем-кетік дүниелер айтылып, оны реттеуде мамандар тарапынан ұсыныстар берілді. Бұған қатысты қалалық мәслихат депутаты Н.Тұрғанбаев хабарлама жасап, қалалық мәслихат тарапынан ұсыныстар берген еді.

– Бірінші кезекте қалада коммуналдық салаға қатысты тұрғындардың арыз-шағымдарының біріңғай тізбесінің жоқтығы, берілген шағымдардың шешімі аяқсыз қалып жатуына әкеліп соғуда. Сондықтан, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келіп түскен шағымдардың біріңғай тізбесін әзірлеп, уақыт реттілігіне сай қаржыландыруды бір жүйеге түсіру қажет. Шағымданып келген тұрғын келесі келгенде, өзекті мәселесінің кезекке алынғандығын және ол мәселе қай уақытта орындалу мүмкіндігін біліп кеткені жөн деп есептейміз. Сонымен қатар, коммуналдық мәселелер бойынша жасалатын кейбір жоба-сметалық құжаттардың толық зерделенбей жасалатындығы байқалуда. Мәселен, биылғы жылы қаламыздың Хорасан ата көшесін жөндеуден өткізу барысында, аталған көшенің 150 метр болатын тұйық жақ тұсы жоба-сметалық құжаттарына енгізілмегендіктен, жөндеуден өткізілмеген. Осы тектес жағдайлардың орын алып отырғандығы қалалық мәслихатқа келген тұрғындардың арыз-шағымдарынан байқалады. Қаланың Сол жағалауы облыс орталығының айшықты мөлтек ауданына айналып келеді. Алайда, аталған аумақты көгалдандыру, аяқ сумен қамтамасыз ету кемшін түсуде. Жоба-сметалық құжаттарға сәйкес тұрғын үйлер арасына салынған арықтар қазіргі таңда көміліп қалуда. Бұл жөнінде сайлаушылар қалалық мәслихат депутаттарының қабылдаулары мен кездесулерінде көтеруде және қалалық мәслихатқа ehttps://eotinish.kz/kk мемлекеттік органдарға өтініш беру сайты арқылы сол жағалау тұрғындарынан  шағымдар келіп түсуде.  Қалада  табиғат қолайсыздығы әсерінен жарық сөніп қалуы жағдайлары азайғанымен, ішінара кездесіп отырады. Бұл ретте, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмыс жасау қажеттігін ескере отырып, қаладағы әрбір қосалқы станцияның жағдайына талдау жасап, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі нығайту қажет. Соңғы уақыттары қалада көптеген балалар ойын алаңдары мен спорт воркауттары салынуда. Осы ретте, салынған балалар ойын алаңдары мен спортворкауттарын күтіп ұстау үшін, жақын орналасқан мемлекеттік мекеме, ірі кәсіпорындардың қарауына беру жұмыстарын күшейту қажет.   Қалада қураған ағаш-талдарды уақытылы зерделеп, оларды кесу жұмыстары кемшін түсуде. Өңіріміздің желді ауа-райы кезінде қураған ағаштардың адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні белгілі. Сондай-ақ, қалада бірқатар пәтер иелері кооперативтерінің қызметі әлі күнге мардымсыз. Әсіресе, Универсам тұрғын ауданы аумағындағы көп қабатты үйлердің өжірелері суға толған. Күннің ыстық мезгілінде жағымсыз иіс пен масалар тұрғындардың тұрмыс тіршілігіне кері әсерін беріп отыр. Қазіргі мәліметтер бойынша кейбір ПИК (КСК)-тер өз жұмысын тоқтатуда. Мысалы, Сырдария тұрғын ауданының КСК-сы. Қала көлемінде арықтардан өтетін өткелдерге зерделеу жүргізіліп, қажетті тұстарға өткелдер орналастыру қажеттілігі байқалады. Мәселен, Толыбеков көшесі бойындағы көлемді арыққа өткел қойылмағандықтан тұрғындар, айналма жол бойына шығып өтуге мәжбүр. Қызылорда қалалық мәслихаты қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың жетістіктері мен өзекті мәселелерін жан-жақты зерделей келе алдағы уақытта төмендегі мәселелерге назар аударуды ұсынамыз, – деген еді сессияда қалалық мәслихат депутаты Н.Тұрғанбаев.

Соның аясында халық қалаулысы мынадай ұсыныстар тізбегін жасап, мәселен шешудің жолын көрсеткен. Оның ішінде қала тұрғындарының күнделікті қажеттіліктері электр жарығы,ауыз су, газ, жылу энергиясымен қамтамасыз етудегі пәрменді жұмыстарды жалғастыра отырып, тиісті нәтижеге жету, қалада тұрғын үй қорын жаңғырту, құрылысын салу, авариялық үй-жайлармен жұмыс, кондоминиум объектісіндегі үйлерді күтіп-ұстау бойынша мекемелер тиісті жұмыстарды атқару, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолы, аулаішілік жолдар, қала көшелерінің құрылысы, қайта салынуы, кеңейтілуі, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, оларды күтіп ұстау жұмыстарын талапқа сай күшейту, қалаішілік  қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлікке деген  тұрғындар сұранысын қанағаттандыру, маршрут желілеріне жағдай жасау, жолаушылар легінің өзгеруін ескеріп, жұмыс істеп тұрған бағыттардың өзектілігін қамтамасыз ету, қаладағы кәріз суларды әкету, кәріз су желілерінің, кәріз-су станцияларының жағдайын жақсарту, кәріз су қалдықтарының иегерілуін қамтамасыз ету, қаладағы көркейту, көгалдандыру саласындағы жұмыстар және аяқ сумен қамтамасыз ету, арықтар мен каналдарды күтіп ұстау мәселелерін үнемі назарда ұстау, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және қоқыс қалдықтарын өңдеу мәселелері бойынша тиісті жұмыстарды атқару, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне келіп түскен шағымдардың біріңғай тізбесін әзірлеп, реттілігіне сай мәселелерді шешуге қаржыландыруды бір жүйеге түсіру, көшелерге жол, ауыз су, аяқ су, электр жарығын жүргізу бойынша жасалатын жоба-сметалық құжаттардың толық зерделенуін, көшелердің тұйықтары мен шағын бөліктерінің жобадан тыс қалмауын назарға алу, қаланың Сол жағалауы тұрғын ауданын көгалдандыру, аяқ сумен қамтамасыз ету, көп қабатты тұрғын үйлер арасына салынған арықтарды тазарту, су жүргізу жұмыстарын үйлестіру, қалада салынған балалар ойын алаңдары мен спортворкауттарын күтіп ұстау үшін, жақын орналасқан мемлекеттік мекеме, ірі кәсіпорындардың қарауына беру жұмыстарын күшейту, қалада қураған ағаш-талдарды уақытылы зерделеп, оларды кесу жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру, қалада бірқатар пәтер иелері кооперативтерінің қызметін жетілдіру, тиісті заңнама аясында салаға жаңашылдықтар енгізуде әрі қарай жалғастыру, өжірелері суға толған көп қабатты үйлерге зерделеу жүргізіп, қажетті қолдау көрсету, қала көлемінде арықтардан өтетін өткелдерді сараптап, қажетті тұстарға өткелдер (Толыбеков көшесі) орналастыру, қаладағы тұрғын үйлерге ыстық беру жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде жүзеге асырылуын үйлестіру ұсынылды.

Халық қалаулылары қозғаған бұл мәселе оң шешімін тауып жатса, қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы біршама ілгері дамитын болады. Бұл да өз кезегінде ел игілігі үшін жасалатын жұмыстар.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: