Kyzylorda-news.kz. Президенттің қолдауы негізінде өнеркәсіп саласының дамуына серпін беретін ірі жобалардың бірі шыны зауыты аясында 42 млрд теңге инвестиция тартылған.

Зауыт өнімі Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жөнелтілуде. Алдағы уақытта Өзбекстанға экспорттау жоспарлануда. Биылғы жылы шамамен 30 мың тоннаға жуық шыны шығарылмақ.

Зауыт жанынан инвестиция көлемі 100 млрд теңгеге жуық 8 ілеспе кәсіпорын құрылады. Оның үшеуі – шыны талшықтар мен композитті материалдар, айна және жұқа шыны шығару жобалары бойынша жобалау жұмыстары басталды.

Шыны зауытының екінші кезеңі ретінде «Чайна Гласс» қытай компаниясы ультражұқа шыны шығару зауытына инвестор болуға ниет білдіруде. Бұл өңір үшін ерекше маңызды жобаның бірі болмақ, құны – 64 млрд теңге.

Шыны талшықтары мен композитті материалдар жобасы «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» серіктестігінің бастамасымен жүзеге асырылады. Жоба құны – 1,5 млрд теңге. Ал құны 4,5 млрд теңгені құрайтын «Айна шығару» жобасының бастамашысы – «Арал Кварц» серіктестігі.

Атап өту қажет, бұл екі жобаға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде зауытты орналастыру үшін жер телімдері берілген. Зауыт маңынан автомобиль айналары, шыны кәдесыйлар, шыны мақтасы, шыны ыдыстар өндірілмек.

 

 

Тағы да оқыңыз: