Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен заңсыз қалдық орындары бойынша баспасөз туры өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаменті хабарлады.
Іс-шарада Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Алишер Шамкенов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қызылорда облысының аумағында 2023 жылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде 74 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталып, жергілікті атқарушы органдармен 2 ай мерзімінде толығымен 100% жойылды.
2024 жылдың маусым айында жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Қызылорда облысының аумағында 44 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталды.
Департаментпен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен анықталған 44 заңсыз қалдықтар орындарының барлығы 1 ай мерзімінде жойылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 тамыз күні түсірілген ғарыштық мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысының аумағында қосымша 54 рұқсатсыз қалдық орны+ анықталып, 98-ді құрады.
Осы ретте, ағымдағы жылдың 6-7 тамыз күндері Департамент мамандарымен барлық 54 заңсыз қалдықтар орындарына анықтау жұмыстарын толығымен жүргізіліп, тиісті жергілікті атқарушы органдарына қалдықтар орындарын жою жөнінде хат жолданды.
Бүгінгі күні облыс аумағында анықталған 98 заңсыз қалдықтар орындарының 81-і жергілікті атқарушы органдармен жойылып,қалған 17 заңсыз қалдықтар орындарын тазарту, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
Департамент тарапынан анықталған рұқсатсыз қалдықтар орындарын жою бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатылған.
Сонымен қатар, қоғам назарын заңсыз қалдықтар орындарының мәселесіне аудару үшін Департамент тарапынан жергілікті БАҚ-өкілдерімен тұрақты түрде баспасөз турлары (2023 – 5, 2024 – 3) ұйымдастырылып келеді.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерімен облыс аумағындағы заңсыз қалдық орындарын анықтау және алдын алу мақсатында тұрақты түрде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы заңсыз қалдық орындарын жою жөнінде атқарылған шаралар нәтижесімен аймақтар көрсеткіштерінде алғашқы орындарда.