Kyzylorda-news.kz Қызылордада қала әкімдігі тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қабылдайтын жұмысшы тобы құрылып, алгоритмі бекітілді. Қазіргі таңда, бекітілген алгоритм бойынша жұмысшы топ қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үй пәтер иелерімен орталықтандырылған ыстық суға қосу және оны жүргізу бағытында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Одан бөлек, мердігер мекеме тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің жертөледегі сулары тазартылып, электр желісі, ауыз су, кәріз, жылу жүйесінің құбырлары жаңартылатын болады.

Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Үкімет резервінен 11 млрд. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең бойынша 187 үйді орталықтандырылған ыстық сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Ыстық су жүйесіне қосылу тұтынушылар үшін электрлі су ысытқышқа қарағанда едәуір тиімді болады. Мамандар келтірген мысал бойынша су ысытқыш қондырғысының 50 литр суды ысытуға орта есеппен 2 кВт күніне, яғни 1 айда (60 кВт электрэнергия тарифі – 23 теңге) және орта есеппен 2 м3 су пайдаланғанда (1 м3 тарифі су, кәріз – 43,1 теңге, 49,69 теңге). Орташа есеп бойынша 1 айға электрлі ысытқышпен шамамен – 1 565,6 теңге төлейді. Ал, жылу энергиясы арқылы су ысыту бекітілген тариф бойынша 1 м3 – 172,03 теңге. Яғни, орта есеппен тұтынушы 2 м3 ыстық суды пайдаланғанда (1 м3 тарифі су, кәріз – 43,1 теңге, 49,69 теңге) қоса алғанда орташа есеппен шамамен – 529,66 теңге құрайды.

Жоғарыда көрсетілген есептемелерге сәйкес электрлі су ысытқыш қондырғысына қарағанда, орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылу 1035,94 теңге айырмашылық, яғни 66,2 процент тиімдірек болмақ.

Осы ретте, қала тұрғындарынан мердігер мекеменің мамандарына пәтерішілік құбырларды жүргізу барысында пәтерлеріне кіріп жұмыс жасауға рұқсат беру сұралады!

Тағы да оқыңыз: