Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша экология департаменті облыстың экологиялық мәселесін кешенді шешу жөніндегі «Жол картасы» аясында жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтсақ, Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары «Таза ауа» іс-шарасын жүзеге асыруда тоқсан сайын полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейд жұмыстарын ұйымдастырып, газ және дизель отынымен жүретін автокөліктерден шығатын шығарындыларға өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Мақсат – қала төңірегіндегі автокөліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін анықтау.
Сынақ барысында бензин, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін 59 автокөлікке өлшеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 автокөліктен белгіленген нормативтен асу деректері анықталды.
Нәтижесінде жол полиция қызметкерлерімен автокөлік иелеріне тиісті шаралар жасалды.