Kyzylorda-news.kz Қызылордада «Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру» атты екі айлық акция өтуде. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалауда жаңадан бой көтерген автовокзал аумағына тал егілді. Оған облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, қала әкімі Серік Қожаниязов, мәслихат депутаттары және басқарма басшылары қатысты.

Тал егу акциясы аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 15 мың көшетті тегін таратты. Қазір елді мекендерге көшеттер отырғызылуда. Қызылорда қаласы мен аудандарда әр апта сайын тазалық сенбілігі өтуде.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Банктің Кызылорда қаласы аумағында жасыл желек өсіру жобасына сәйкес, өткен жылы көктемде Кызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Тартоғай орманшылығының "Қалмас" учаскесіне 3000 гектар сексеуіл көшеті егілді. Жобаның мақсаты "Кызылорда - Жезқазған" автожолы бойына жасыл белдеу құру. 

Бұған қоса, осы жылдың 15 наурызынан бастап орман екпелері 300,000 сексеуіл көшетімен толықтырылды. Бүгінде сексеуіл екпелерін егу жұмыстары 100 пайыз бітті. 

434757952_718381867149727_7441803079002805190_n.jpg

434744214_718381687149745_1192687290303405362_n.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі434737053_718381720483075_8586100886955450453_n.jpg434732005_718381917149722_463018112980134153_n.jpg434723862_718381897149724_2255886292177327466_n.jpg434723326_718381713816409_8147247272434436616_n.jpg434723273_718381797149734_8760990644749630230_n.jpg434721546_718381953816385_6470518879153472029_n.jpg

Тағы да оқыңыз: