Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысына қағаз шығару нарығындағы кәсіпорындардың бірі «KZ Recycling» серіктестігі директорының бірінші орынбасары Қ. Исабаев бастаған делегация іссапармен келді. Іссапар мақсаты - күріш сабанын пайдалану арқылы целлюлоза шығару жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастырып, күріш өсіретін шаруашылық жұмыстарымен танысу.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов делегация мүшелерін қабылдап, жобаның іске асыру мүмкіндіктерін тиісті салалық басқарма өкілдерімен талқылады. Нәтижесінде жобаны іске асыру орны ретінде Қызылорда қаласы, Сырдария және Жалағаш аудандарын қарастыру ұсынылды.

Сапар барысында делегация мүшелері Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақ және ағынды суларды биологиялық тазарту станциясының жұмысымен танысты. Одан әрі қарай, Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың қабылдауында болып, ауданның өндірісті орналастыру мүмкіндіктерін талқылап, қолайлы орындарын аралады.

Сонымен қатар, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылына барып, «Мағжан и К» серіктестігінің қырман жұмысымен және күріш алқаптарымен танысты.

Сондай-ақ, делегация мүшелеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің инженерлік бейінді зертханасының жұмысы таныстырылды.

Әкімдік өз кезегінде аталған жобаны іске асыру үшін тиімді орынды анықтауға және қолданыстағы заңнама аясында жаң-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

310976416_1280652072695987_7977977394655392465_n.jpg

311004012_1280652032695991_2754495906548077648_n.jpg

310978802_1280652039362657_2912128206984546972_n.jpg

Тағы да оқыңыз: