Kyzylorda-news.kz. Экономиканың негізгі тірегі саналатын кәсіпкерлік саласына қолдау жылдан-жылға артып келеді. Биыл жыл басынан сәуірге дейін 36 006  шағын кәсіпкерлік нысан тіркеліп, жұмысын бастаған. Оның 27 637-сі жеке кәсіпкер, 5 999-і заңды тұлға және 2278-і шаруа қожалығын құрайды. 

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 31,9 процентке артқан. Бүгінде жеке ісін ашып, кәсібін дөңгелеткісі келетіндер қатары көбейген. Көзі қарақты тұрғындар бұл ретте, мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер барын біледі. Сондықтан тиімді тірлікті игілікке жаратқысы келетіндер көп. Мәселен, жыл басында қала бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 430 оның ішінде 302 сауда саласында, өнеркәсіп-26, білім және денсаулық сақтау – 5,  басқа да қызмет түрлері бойынша – 97.

Жалпы, кәсіпкерлік саласы қалада тек сауда емес түрлі бағытта өркен жайып келеді. Білім, медицина, өнім өндіру ісін жетілдіріп отырған кәсіпкерлер баршылық. Әсіресе, соңғы уақытта медицина саласы қарқын алып келеді. Саланы қолдауда мемлекеттің кәсіпті жаңадан бастаушы жастарды да ескергені құптарлық іс. Бұл бағытта «Бастау бизнес» бағдарламасының тиімділігі зор. Іс бастауды, оның бизнес-жоспарын жасауды, әрі қарай дамытуды үйретіп қана қоймай, білім алушылардың тегін грант ұтып алуына да мүмкіндік қарастырылған. Бұдан өзге, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірнеше мемекеттік бағдарлама бар.

Халықты жұмыспен қамту, шағын кәсіпкерлікті дамыту, экономика саласын әртараптандыру мақсатында «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба іске асырылуда. Бірнеше бағыттан тұратын бағдарламаның субсидиялау бағыты бойынша қалада 44 жоба қолдау тапқан. Бұл жобалардың қаржы көлемі 1 миллиард. 539 миллион. 515мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруда жалпы құны 131 миллион. 100 мың теңгені болатын 95 жоба мемлекеттік грантты жеңіп алған.  

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен және  «Іскер» бағдарламасы бойынша 51 милилон. 300 мың. теңгені құрайтын 10 жоба қолдау тапты.

Кәсіпкерлікті өркендетуге бағытталған тағы бір бағдарлама «Қарапайым заттар экономикасы». Ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру, өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатындағы жоба бойынша былтыр облыс орталығында жалпы құны 4 миллиард 730 миллион теңгені құрайтын 42 жоба қолдау тапқан. Ал, ағымдағы жылдың басынан бері тағы 2 жоба мақұлданған. Оның  құны 716,1 миллион теңгені құрайды. 

Былтыр облыс көлемінде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 19,9 млрд теңгеге 373 жоба қаржыландырылған. Атап айтсақ, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5,2 млрд теңге бөлініп, 171 жоба субсидияланған. Ал, ауыл кәсіпкерлеріне несие беруде «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 1,2 миллиард теңге қаражат қаралса, оның 360,7 миллион теңгесіне 64 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ, «Аграрлық несие» корпорациясы 4,5 миллиард теңгенің 138 жобасын мақұлдаған. Бұл жобалардың жүзеге асуында облыс орталығының үлесі басым.

Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар игілігін көріп жатқан кәсіпкерлер күн санап артып келеді. Бұл ретте, жыл сайын мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі де ұлғаюда. Оған жоғарыда аталған көрсеткіштер дәлел болмақ.

Бұдан бөлек, қала экономикасының өсуіне өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптердің де үлесі зор. Мәселен, өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2023 жылдың қаңтар-ақпан  айында 101 009 миллион. теңгеге орындалса, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 91,1 % құраған.  Бұл ретте, облыс бойынша өндірілген өнімнің 64,4 проценті  Қызылорда қаласының үлесінде.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда  102 952,4 миллион. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 96,1%-ды құраған. Оның ішінде 87 315 миллион теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілсе, нақты көлем индексі 95,7 процент болыпты. Яғни, 636,7 мың тонна мұнай өндірілген. Мұны процентке шаққанда 95,7 пайызды құрап отыр. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 41 380 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 104,4  процент болған. Оның ішінде, жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша  117,8 миллион. теңгенің  өнімі өндірілсе, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 117,3 процент  орындалған. Атап айтқанда, киім өндіру  42,6 миллион теңге,  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  109,2 процент, ал, тоқыма бұйымдарын өндіру 75,1 миллион. теңгені немесе 123,8 процентті құрап отыр.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 1 420 милилон. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 133,5 процентті құрады. Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 2 369 миллион.теңгенің өнімі өндірілсе, нақты көлем индексі  94,6 процентті  құрап отыр. Бұдан бөлек, резеңке және пластмасса бұйымдары  өндірісінде 1 500  миллион. теңгенің өнімі алынса, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  114,3 процентке орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында да ілгерілеушілік бар. Мәселен, бұл салада есепті кезеңде  4 264  миллион.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 259,1 процентті құраған. Сонымен қатар, өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру  (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 6 764 миллион. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы тиісті кезеңге 125,1 процентті құраған.

Тағы да оқыңыз: