Kyzylorda-news.kz  Өткен жылы «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мекемесіне бюджеттік жоспары 35 628,1  миллион теңгеге бекітілген. Оның 34 999,7 миллион теңге қаржысы, яғни 98 проценті игерілген. Бүгінде игерілмеген қаржы көлемі 628,4 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Дінмұхаммед Сырлыбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар  туралы есебінде баяндады.

Бөлімге бөлінген бюджеттің басым бөлігін тұрғын үй құрылысына жұмсалатыны белгілі. Былтыр «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясындағы бюджеттік  жоспар 11 404,3 миллион теңгені құрап, оның 11 303,8 миллион теңгесі игерілген. Сонымен қатар 2022 жылы аяқталмаған СПМК-70 мөлтек ауданы №2 тұрғын кварталында қабылданбаған 50 пәтерлі №8 тұрғын үй қабылданған.  Сондай-ақ, 2022 жылы басталған Сырдария өзенінің сол жағалауында №2-ші шағын ауданында 470 пәтерлі ипотекалық 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған.

Бүгінде Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауы №3 мөлтек ауданында 7 қабатты 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл тұрғын үйлерді салу бойынша бөлінген қаржының 100,0 миллион теңгесі 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің атқарылған жұмыс көлемі бойынша игерілмеген.

Ал «Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасына аясында бекітілген бюджет 6 805,0 миллион теңгені құрап, оның 6 359,7 миллион теңгесі игерілген. Игерілмеген қаржы 445,3 мың теңге. Ал республикалық бюджеттен 633,983 миллион теңге бөлініп, оның 592,1 миллион теңгесі игерілген. Игерілмеген қаржы 41,9 миллион теңге (32,5 миллион теңге аяқталмаған жоба, 9,4 миллион теңге үнемделген). Бұдан бөлек ҚР Ұлттық Қор есебінен 1 541,1 миллион теңге бөлініп 1 293,8 миллион теңге игерілген. Игерілмеген қаржы 247,3 миллион теңге жыл соңында «Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданында тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» жобасына бөлініп жұмыс көлемі басталмағандықтан бұл қаржы толықтай игерілмеген. Облыстық бюджеттен 4 529,8 миллион теңге бөлініп игерілгені 4 401,9 миллион теңге, игерілмегені 127,9 миллион теңге. 2022 жылы басталған Қызылжарма ауылдық округіндегі 35 көшеге тас төсеу жобасына Ұлттық қор есебінен 250,0 миллион теңге бөлініп, толықтай игерілген. Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданы №3 тұрғын кварталынынан 21 пәтер сатып алынып, бөлім тарапынан 2021 жылы 60 пәтерлі №3 тұрғын үй қабылданып «Отбасы банкіне» өткізілмеген. Осы тұрғын кварталдың инженерлік желілерін жүргізіп аяқтауға 371,6 миллион теңге бөлініп, оның 350,5 миллион теңгесі игерілді. Игерілмеген қаржы 21,1 миллион теңге аулааралық жұмыстары мен газ жүйесі қабылданбаған. 2021ж-2022 жылы СПМК-2 мөлтек ауданы  №2 тұрғын кварталында салынып бүгінгі күнге пайдалануға берілген барлығы 580 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлердің абаттандыру жұмыстары қабылдау актісі тапсырылмай 35,1 миллион теңге игерілмей қалған. Сырдария мөлтек ауданындағы №5 тұрғын кварталында сатып алынып жатқан тұрғын үйлердің инженерлік жұмыстарына 1 126,3 миллион теңге бөлініп, 59,9 миллион теңгесі игерілмеген (ауыз су және кәріз желісі мен абаттандыру жұмыстарынан), №2 мөлтек ауданданында 2023 жылы пайдалануға берілген 470 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлердің инженерлік жұмыстарына 1 081,2 миллион теңге бөлініп аулааралық жұмыстары 2024 жылға өтпелі тек газ жүйесі қабылдау актісімен тапсырылмай 32,5миллион теңге игерілмеген. Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесі №4,4а бойында орналасқан ғимараттарға инженерлік жүйелерін жүргізуге 444,0 миллион теңгеге шарт жасалынып жұмыстар атқарылды. 2022 жылы басталып 2023 жылға өтпелі Еңбек (6,1км), Жас Алаш (2,6км) және Теректі (0,4км), Орбита (12,4км), Эдельвейс (26,3км), Болашақ бау-бақша (4,1км) саяжайларына барлығы 51,9 км ауыз сумен қамту үшін 85,9 миллион теңге, Ақжарма (48,8км) және Қарауылтөбе (12,8км) а/о электр желісін жүргізуге 45,4 миллион теңге бөлініп, бұл жобалар  толық аяқталған.

Бұдан бөлек бөлім тарапынан «Қызылорда қаласының Бәйтерек тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы. Ұңғымалар бұрғылаумен су жинағыш салу» үлкен жобасы сәуір айында халық игілігіне пайдалануға берілген. Сондай-ақ Тасбөгет кентіне малтатас жол құрылысы (6,2км), Сабалақ саяжайына малтатас жол құрылысы (5,5км), Бірқазан елді мекеніндегі орталық көшелеріне тас төсеу (0,5км), Сарысу көшесі (1,2км) және Шорғазы (1,0км) тұйығына тас төсеу барлығы 14,4 км малтатас төсеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп аяқталған. Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан №4 тұрғын кварталында 40 пәтерлі №16 тұрғын үйдің аулааралық жұмыстары мен телефон желісіне 
65,9 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілген. Қорқыт ата аэропорты терминалына жылумен қамту үшін 295,8 миллион теңге, электр желісін жүргізуге 782,0 миллион теңге, ауыз су жүйесін жүргізуге 796,9 миллион теңге, телефон желісіне 190,7 миллион теңге бөлініп тек ауыз су жүйесі қабылдау актісімен тапсырылмай 38,2 миллион теңге игерілмеген. Өндірістік мақсаттағы электрмен жабдықтау (көкөніс сақтау) «Арай ФУУД» жұмыс жобасына  48,5 миллион теңге бөлініп қабылдау актісімен тапсырылмай 4,9 миллион теңге игерілмеген. Облыстық бюджеттен 2024 жылға жоспарланып жатқан 5 этажды 400 пәтерлі 10 тұрғын үйдің инженерлік жүйелеріне 59,1 миллион теңге және 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің инженерлік желілеріне 75,9 миллион теңге жоба-сметалық құжатын әзірленіп, сараптама оң қорытындысын алуға бөлінген. Оған қалалық бюджеттен 100,2 миллион теңге бөлініп, 72,1 миллион теңге игерілген. СПМК-70/2 т/кв аулааралық жұмыстары (доиспользование) 28,1 миллион теңге қабылдау актісі тапсырылмай, бөлінген қаржы игерілмеген. 2024 жылға іске асыруға жататын жобаларға жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, сараптама оң қорытындысын алуға 65,0 миллион теңге бөлініп, игерілген.

Қызылорда қаласында кезекте тұрған отбасыларға  909 пәтер сатып  алуға республикалық бюджеттен 3 967,8 миллион теңге, ҚР «Ұлттық Қор» есебінен 3 842,8 миллион теңге, облыстық бюджеттен 3 238,3 миллион теңге барлығы 11 048,9 миллион теңге бөлініп, игерілген қаржы 11 019,4 миллион теңгені құрап отыр. Облыстық бюджеттен бөлінетін 29,5 миллион теңге қаржы кеш отыруына байланысты игерілмеген. 2023 жылы барлығы 908 пәтер сатып алынды.

Ал «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 4 159,8 миллион теңге бөлініп қаламызда тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға жоспар ҚР Ұлттық Қор есебінен 96,1 миллион теңге, республикалық бюджеттен 3 492,1 миллион теңге және облыстық бюджеттен  439,5 миллион теңге, қалалық бюджеттен 132,1 миллион теңге бөлініп жыл соңында 4 123,5 миллион теңге игерілген. Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 70 мың м3/тәу модульді биологиялық тазарту станциясының сыртқы инженерлік желілері (электр және газбен жабдықтау), Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңарту жобалары іске қосылған. Қызылорда қаласы Универсам, Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту жобасы, Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру жобасы, Қызылорда қаласының кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңғырту жобасы, Рабочая көшесінің бойындағы 3 агрегатқа арналған №13 «Гагарин» КСС жобасы басталып, құрылыс жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Сондай-ақ ҚР Ұлттық Қор есебінен Астана даңғылы Көшербаев көшесі Жеңіс көшесі Әбдрешов көшесінен КНС №29-ға дейін кәріз жүйесін жүргізу жұмысы қабылдау актісімен қабылданған. Осы орайда облыстық бюджеттен 36,4 миллион теңге игерілмей қалған. Енді 2024 жылы тиісті қаржы қайта сұратылмақ.

        Құрылыс бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы «Спорт объектілерін дамыту» бағдарламасы аясында 514,5 миллион теңге Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы пайдалануға берілген. Сонымен бірге «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына 724,4 миллион теңге бөлініп, толықтай игерілген. 2021 жылы басталған Қызылорда облысы Маханбет және Наурыз кентінің ішкі орамды газ құбырын салу жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен  57,5 миллион теңге бөлініп,  жоба өткен жылы мамыр айында пайдалануға берілген. Қызылорда қаласы Қосшыңырау  ауылдық округінің Абай,Досан елді мекендерінде «Газ құбыры желілерін салу» жобасына Ұлттық қордан 566,3 миллион теңге және облыстық бюджеттен 62,9 миллион теңге бөлініп, халық игілігіне пайдалануға берілген.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 672,2 миллион теңге бөлініп 657,7 миллион теңге игерілген. Игерілмеген қаржы 14,5 миллион теңге үнемделген. Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округі 150 орындық клуб құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылы аяқталып халық игілігіне берілген. Қосшынырау ауылдық округіне қарасты Досан елдімекенінде ауылішілік және Абай ауылындағы №3 көшесіне қиыршық тас жол (3,9 км) құрылысына 144,9 миллион теңге бөлініп 130,3 миллион теңге игерілген. Игерілмеген қаржы 14,6 миллион теңге жұмыс көлемінен үнемделген. Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты кіре беріс жолдың бойында орналасқан жаңа қоныс аумағын қиыршық тас жол құрылысына Ұлттық қор есебінен 284,5 миллион теңге және облыстық бюджеттен 31,6 миллион теңге бөлініп 8,8 км тас төселініп пайдалануға берілген.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: