Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан былтыр барлығы 108 аудиторлық іс-шарамен 43 млрд. 452,9 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 39 млрд. 236,4 млн. теңгеден астам заң бұзушылықтар анықталған.  Оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 38 млрд. 625,6 млн. теңге немесе 99% және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 389,3 млн. теңге немесе 1% құрайды.

«Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және есептілікте көрсетуге жататыны 33 млрд. 508,4 млн. теңге (өтеуге жататыны – 1 млрд. 368,5 млн. теңге, қалпына келтіруге – 32 млрд. 030,4 млн. теңге, есептілікте көрсетуге жататыны – 109,6 млн. теңге).
Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені және есептілікте көрсетілгені 30 млрд. 835.4 млн. теңге немесе 92 % (бюджетке өтелгені 1 млрд. 035,7 млн.тг., қалпына келтірілгені 29 млрд. 690,1 млн.тг., есептілікте көрсетілгені 109,6 млн. теңге).
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің 272 лауазымды тұлға және 18 заңды тұлғаға қатысты 532 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, 60,2 млн. теңге айыппұл салынды. Оның 59,4 млн. теңгесі бюджетке төленсе, 0,8 млн. теңгенің айыппұлы уақытылы төленбеуіне байланысты сот орындаушыларға жолданды», - делінген департаменттің хабарламасында.

Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 95 нұсқама жолданып, 76 нұсқама толығымен орындалды. Қалған 19 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген (мерзімі ұзартылған).

«Аталған нұсқамалар бойынша объектісінің 108 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2023 жылдың өткен кезеңінде анықталған заңнама бұзушылықтардың 1 млрд. 223,7 млн. теңге сомасында 12 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 12 аудит материалдары бойынша ҚР ҚК-нің 189 және 190 бабтары бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша, алаяқтық бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Фото: radar-c.ru

Тағы да оқыңыз: