Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде ауқымды жобалар жүзеге асуда. 

Соның бірі, Қосшыңырау ауылдық округінде атқарылатын ауқымды іс – Абай және Досан елді мекендерін газдандыру жобасы. Оған республикалық бюджеттен 663,0 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ремстрой» мердігер мекемесімен 40,6 шақырым газ құбырының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіледі және осы жұмыстардың аясында 592 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен бөлінген 56,5 млн теңге қаржыға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Досан ауылындағы 5 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, «Әлем Қызмет Груп» мердігер мекемесі №17, 15, 4а көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын бастап кетті.

Сонымен қатар, 3,8 млн теңге қаржыға Досан ауылындағы №1 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылса, «Энергия Нұр» ЖШС мекемесімен Абай ауылындағы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жер көлемі ұлғайып, тұрғындар саны өскен сайын атқарылар жұмыстар да көбейері сөзсіз. Бір анығы, қала тіршілігі ырғағынан жаңылмай, жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылуда.

 

 

Тағы да оқыңыз: