Kyzylorda-news.kz  Қала бюджетінің көлемі жылдан жылға өсіп келеді, бұл қаламыздың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып келе жатқандығын білдіреді. Атап айтсақ 2023 жылдың қорытындысымен қала бюджетінің көлемі 95 миллиард 161,4 миллион теңгені құрап өткен 2022 жылдың кезеңімен салыстырғанда 21 миллиард 626,1 миллион теңгеге немесе 29,4 пайызға ұлғайған. Бұл туралы Қызылорда қалалық мәслихатының ХХІ сессиясында қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнәр Баймаханова айтты.

Сессия барысында бөлім  басшысы бюджеттің атқарылу барысына тоқталды. Оның ішінде кірістер бойынша 2023 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласы бюджетінің кірістер болжамы 94 миллиард 301,0 милилон теңгені құраса, нақты түскені 100 миллиард 897,3 миллион теңге немесе 107,0 процентке артығымен орындалған.

– Қаланың өз кірістері 125,7 пайызға немесе 6 028,0 миллион теңгеге артығымен орындалды, болжам 23 миллиард 430,2 миллион теңге, нақты орындалғаны 29 миллиард. 458,2 миллион. теңге. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген қаржылар бойынша түсімдер 100 пайызға орындалған, оның ішінде нысаналы трансферттер – 52 миллиард 116,2 миллион теңге, субвенция – 9 миллиард 223,5 миллион теңге, қарыздар түсімі - 9 миллиард 531,1 миллион теңге. Салықтық түсімдер бойынша жоспарланғаны 16 миллиард 226,1 миллион теңге, орындалғаны 20 миллиард 768,6 миллион теңге немесе 127,7 пайыз, барлық салықтық түсімдер 127,7 пайыздан жоғары орындалған.

Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 214,6 миллион теңге, орындалғаны 482,7 миллион теңге  немесе 225,0 пайыз. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспарланғаны 6 миллиард 949,5 миллион теңге, орындалғаны 8 миллиард 206,9 миллион теңге немесе 83,0 пайызды құрап отыр. Бюджеттік шығыстар бойынша өткен жылдың қорытындысымен қала бюджетінің шығыстары 98,5 пайызға орындалды. Жоспар 95 милилард 161,4 миллион теңге болса, игерілуі 93 миллиард 718,5 миллион теңге. Игерілмеген қаржы – 1 442,9 миллион теңге, оның 295,1 миллион теңгесі үнемделген қаржы болса, 1 147,8 миллион теңгесі игерілмеген қаржылар. 2023 жылға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар бойынша, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 21 миллиард 581,9 миллион теңге болса, игерілуі 21 милилард 277,8 миллион теңгені құрап немесе 98,6 пайызға орындалған, игерілмеген қаржы 304,1 миллион теңгені құрап отыр. Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 40 милилард 065,5 миллион теңге болса, игерілуі 39 миллиард 373,9 миллион теңге немесе 98,3 пайызға орындалған, игерілмеген қаржы 691,6 миллион теңгені құрады. Қалалық бюджеттен бөлінген 35 миллиард 514,0 миллион теңге

98,7 пайызға немесе 33 миллиард  066,8 миллион теңгеге орындалды. Игерілмеген қаржы 447,3 миллион теңгені құрап отыр, – деді сала басшысы Г.Баймаханова.

Жалпы бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша ірі көлемде игерілмеген қаржылардың 53,1 пайызы немесе 765,5 миллион теңгесі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, 43,5 пайызы немесе 628,5 миллион теңгесі қалалық құрылыс бөліміне, 3,1 пайызы немесе 44,7 миллион теңгесі кент және ауылдық округтерге тиесілі, қалған 4,2 миллион теңге өзге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен игерілмеген қаржылар.

– Субъективті себептерге байланысты игерілмеген қаржылар барлығы 422,3 миллион теңге, оның ішінде 58,8 миллион теңге Қызылорда қаласы аялдама орнату жұмысынан, 0,6 миллион теңге (600,0 мың) компьютер жинағын сатып алудан конкурс шешімі анықталмауына байланысты игерілмеген. Сондай-ақ 16,3 миллион теңге №13 "Гагарин" КСС" жобасын қоса қаржыландыру жобасы бойынша жоба 2024 жылға өтпелі ретінде өзертіліп міндеттемесі босатылуына байланысты, 7,6 миллион теңге қала аумағында сорғы станциясының құрылысы жобаларының ЖСҚ-сын сараптамадан өткізіп үлгермеуіне байланысты, 74,6 миллион теңге елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, 247,3 миллион теңге, «Бәйтерек» шағын ауданында тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілері, 17,1 миллион теңгеге пәтер сатып алудан барлығы конкурс шешімі анықталып алайда міндеттеме алып үлгермеуіне байланысты игерілмеген қаржылар.  Ал объективті себептерге байланысты игерілмеген қаржылар 725,5 миллион теңге, барлығы жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес игерілмеген қаржылар. Оның ішінде 100,0 миллион теңге 7 қабатты 84 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысынан, 236,6 миллион теңге  көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеуден, 8,2 миллион теңге Ақсуат ауылдық округі аялдама орнатудан, 180,5 миллион теңге қаланы және елді мекендерді абаттандырудан, 11,1 миллион теңге көшелерді жөндеу мен қайта жаңғыртудан, 185,1 миллион теңге қала аумағында инженерлік инфрақұрылым салу жобаларынан, 3,8 миллион теңге өзгеде шығындардан. Бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржылар 295,1 миллион теңгені құрады, – деді қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

Сала басшысы сессияда бұдан бөлек қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы да айтып өтті.

– Кент және ауылдық округ бюджеттерінің 2023 жылға бюджет түсімдерінің болжамы 4 милилард 463 миллион теңге, нақты түскені 4 миллиард 491,9 миллион теңге немесе 100,6 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде кент және ауылдық округтердің өз кірістері 112,3 пайызға немесе 28,1 миллион теңгеге артығымен орындалды, болжам 227,9 миллион теңге болса, орындалғаны 256,0 миллион теңгені құрады. Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100 пайыз түскен. Ал шығыстар бойынша өткен жылдың қорытындысымен кент және ауылдық округтердің бюджет шығыстары 99,0 пайызға орындалды. Жоспар 4 миллиард 482,6 миллион теңге болса, игерілгені 4 миллиард 437,9 миллион теңге, игерілмеген қаржы 44,7 миллион теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 1 миллиард 716,7 миллион теңге 100 пайызға игерілген. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферт 1 миллиард 472,0 миллион теңге 99,6 пайызға игерілген, 6,0 миллион теңге игерілмеген.  Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 миллиард  294,0 миллион теңге 97,0 пайызға немесе 1 миллиард 255,3 миллион теңгеге иегірілді. Игерілмеген қаржы 38,7 миллион теңгені құрады. Оның ішінде 30,5 миллион теңгесі үнемделген қаржы болып табылады, – деді Гүлнар Баймаханова депутаттарға берген есебінде.

Тағы да оқыңыз: