Kyzylorda-news.kz Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Көлік министрінің орынбасары Сәтжан Әйтенұлы “Қызылорда-Жезқазған” автожолын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. 

Республикалық маңыздағы күрежол құрылысы бүгінде министрліктің ұдайы бақылауында. Қазір Қызылорда облысы аумағында жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, бес учаскіге бөлінген жолдың үшіншісінде асфальт жабындысының соңғы қабаты төселіп, құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы жыл соңына дейін 216 км трассаның 140 шақырымға жуығы пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

 Жолшылармен кездесуде С.Аблалиев мердігер мекемелерге жұмыс кестесінен кешіктірмей, сапаға баса мән беруді тапсырды. Және де “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” ҚОФ мамандарына жаңа жолды жіті тексеріп, бақылауды күшейтуді міндеттеді.

Филиал директоры Ерболат Көштаев “Қызылорда-Жезқазған” трассасын қайта жаңғырту жұмыстарындағы кемшіліктер дер кезінде анықталып, мамандар ұсынысымен қайта қалпына келтірілгенін жеткізді. Жалпы осы кезге дейін мердігерлер тарапынан өрескел олқылықтар анықталмаған. Бұл да ұдайы бақылаудың нәтижесі.

Тағы да оқыңыз: