Kyzylorda-news.kz. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түскен.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 442,68 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,15 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,5 теңгеден болса, сатып алу – 445,5 теңге.Алматыда Ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы – 4,79-4,89 теңге.