Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылдық округінде 470 отбасында 2506 тұрғын тұрады. Экономикалық белсенді халық саны – 1082. Оның ішінде жұмысқа қабілетті әйелдер – 489.

«Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппараты» өткен жылдың қортындысымен 145 млн 100 мың теңге қаржы игерді. Оның ішінде ауылдық клуб – 24 млн 779 мың теңге. Бюджет 100 пайызға орындалды.

Салық түсімдері бойынша 215 мың теңге жеке тұлғалардан жер, мүлік  салығы, 5 млн 807 мың 500 теңге жеке тұлғалардан көлік салығы, жер салығы 19 мың 700 теңге. Барлығы 6 млн 42 мың  теңге  бюджет  қоржынына  түсірілді.   

– Кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2 азамат құны 5 млн 350 мың теңгеге,  «Іскер» Аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржыландыруға 9 азамат құны 39 млн 280 мың теңгеге қаржыланды. «Бизнес Бастау» жобасы арқылы 1 млн 225 мың 200 теңге грант тетігі бойынша 14 азамат ұтып, 17 млн 152 мың 800 теңгеге қаржыланды. Сонымен қатар «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 3 азамат комиссияның оң шешімін алып, құны 15 млн 500 мың теңге несиеге құжаттарын дайындауда. «Бизнес бастау» жобасы бойынша 38 азамат оқудан өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік береді, – дейді Қоғалыкөл ауылдық окургінің әкімі Бақытжан Рақымбеков.

Өткен жылы ауылдық округте жұмысқа 105 адам орналасқан. Жастар тәжірибесінде 11 адам, ақылы қоғамдық жұмыста 58 адам, алғашқы жұмыс орнына 2 адам, «Күміс жас» 4 адам, тұрақты жұмысқа орналасқаны 30 адамды құраған. Жалпы жұмысқа орналасқандардың үлесі – 28,6 пайыз. Статистикалық мәліметке сәйкес жұмыссыздық деңгейі  – 5,0 пайыз.

Қоғалыкөл ауылдық округі бойынша – 172 кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Оның 109-ы жеке кәсіпкер, 55-і  шаруа қожалығы, 3-і  ЖШС,  АӨК – 5.  Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің үлесі –  96 пайыз.

Елді мекен бойынша тұрғындарда мүйізді ірі қара малы – 5049, уақ мал – 5955, жылқы – 2347, түйе-302 бас. 2022 жылы 2280 бас мүйізді ірі қара малына, 3200 бас уақ малға, 25 бас түйеге сырға салынған. 762 бас жылқы таңбаланып, компьютерлік дерекқор базасына енгізілген. 
2022 жылыдың қорытындысымен 20 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжаттары өткізіліп, 20 отбасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. «Қоғалыкөл» ЖШС-і тарапынан 100 отбасына 10 келіден 350 мың теңгенің  ақ күріші мен 35 отбасына 10 мың теңгеден қаржылай көмек  таратылды. Қоғалыкөл ауыл еріктілері 7 отбасыға көмір түсіріліп берген. Тұрмысы төмен 2 отбасына 20 мың теңгеден азық-түлік көмегі, «Махай» шаруа қожалығы 6 отбасына 7 тонна көмір түсіріп берген.

Былтырғы жылы елді мекеннің ауылішілік маңызы бар Тілеу ұста мен Қаныш Сәтпаев көшелері асфальтталған. Бөлінген қаржы көлемі 44 млн 487 мың теңге. Мердігер мекеме «Құрылыс-Көлік компаниясы» ЖШС-гі. Қазіргі таңда 17 көшенің 11-не 268 дана түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. Түнгі жарықтың 215 шамы ауыстырылған. 5 көшеге асфальттауға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, аудандағы тиісті бөліміне ұсынылған. 

Тұрғын үй құрылысы бойынша көп балалы аз қамтылған үш отбасыға тұрғын үй салып берілді. Санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқ су каналдарын тазарту мен көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілген. Талдарды әктеу, түнгі жарық бағандарын, шарбақтарды сырлау жұмыстары атқарылып, ауылішілік көшелерге күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылға қаралған бюджет – 116 млн 154 мың теңге болып бекітілген. 

Қоғалыкөл ауылдық округіндегі тозығы жеткен электр желілері, бағаналары және трансформаторларды толығымен ауыстыру жұмыстары  жүргізілуде. Құны  499 млн 308мың теңге. Мердігер «УниверСтройСервис» ЖШС-гі.     
Биылғы жылы "Қызылорда-Қоғалыкөл" бағытындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталатын болады. Бүгінгі күнге 5 шақырымға жуығы асфальтталды. Мердігер «СТК» ЖШС-гі. 

Ауылішілік көшелеріндегі бағаналардағы 115 жарық шамдары ауыстырылған. Санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу каналдарын тазартылып, 350 көшет отырғызылып, талдарды әктеу мен көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілген. 

«Қоғалыкөл» ЖШС-нің демеуімен орталықтағы С.Майқанова көшесі бойына 50 «Калифорниялық» терек көшеті мен 25 «ясин», 25 «катальпа»  отырғызылып, күтімге алынды. «Аңламас» өңірінен бақша егу жұмыстарына 15 гектар жер дайындалып, 20 адамға бөлініп берілген. 

Елді мекендегі ауылішілік маңызы бар М.Шоқай көшесін (300 метр) асфальттауға құны 15 млн 909 мың теңге және М.Шоқай тұйығын (260 метр) асфальттауға құны 17 млн 927 мың теңге орташа жөндеуге жобалық сметалық құжаттары әзірленген. Мердігер «Әлем қызмет групп»  ЖШС-гі.

Қоғалыкөлдің клуб үйінің бу қазандығына ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланып, Мердігер «Сардар-2018» ЖШС-гі анықталды. Құны 1 млн 857 мың теңге.

«Полигон» аумағын қоршалауға баға ұсыныстарына ұсынылып, қажетті материалдар алынуда. 
«М.Есмахов», «Ә.Тілеулиев» және «Водозаборная» көшелерінің ауыз су құбырлары мен көру құдықтарының құрылысына 488 метр конкурс жарияланды.
 

Тағы да оқыңыз: