Kyzylorda-news.kz.  Қазалы ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы Қазалы қаласы мен Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдары көгілдір отынға қосылды. Ендігі кезекте Абай ауылын газдандыруға жоба-сметасын дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті құжаттары әзірленді.

Сонымен қатар, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына көгілдір отын жеткізілмек. 5 ауылға магистральдық газ құбырын жеткізу үшін жеке кәсіпкердің демеушілігімен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференцияда Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

@qyzylordanews

Тағы да оқыңыз: