Kyzylorda-news.kz. Бүгін партияның аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, комиссия мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев және Арғын Орымбаевпен бірге аудандағы көктемгі су тасқындарының алдын алу бойынша дайындық жұмыстарына партиялық бақылау жүргізді.

Басықара ауылындағы «Ә.Тыныбаев» атындағы Қазалы су торабында болған аманаттықтарға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев және тиісті сала өкілдері су тасқыны қауіпін азайту мен алдын алу, елді мекендерді су басу қауіпінен қорғау мақсатындағы жұмыстармен таныстырып, қазіргі таңда су басу қаупі жоқ екендігін жеткізді.

Жалпы, Сырдария өзенінің Қазалы ауданы көлемінен өтетін ұзындығы – 191 шақырымды құрайды. 

Қазіргі таңда Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы «Ә.Тыныбаев» атындағы су торабына жоғарыдан секундына 120 м3/сек су келіп, ауданға алынып жатқан 7 м3/сек, сол жағалау каналына 7 м3/сек, Ақсай арнасына толығымен төменге қарай жіберілуде. Осы жылдың 10 наурызында Абай ауылының тұсындағы қалқымалы көпір, сейсенбі күні Қарлаң қалқымалы көпірі уақытша алынып, көлік қатынасы Басықара ауылы және Әлсейіт көпірлері арқылы жүруде. Бүгінде Сырдария өзенінің жағдайы бірқалыпты.  

Өз кезегінде Әділбек Сербайұлы сала басшыларына дариядағы су деңгейін үнемі бақылауда ұстап, су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы іске асыру өте маңызды мәселелер екендігін айтты. Сондай-ақ, партиялықтар бірқатар сауалдарына сәйкес, ұсыныстарымен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: