Kyzylorda-news.kz  Қазалы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаттары қолданыстағы заңмен белгіленген өздерінің депутаттық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 1-1-тармағында «Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады» деп көрсетілген.
Мәслихат – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қабылдайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 19 қаңтарында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлық қабылдаған болатын. 
Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталып, үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік ашылды. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туып, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалды. 
Қазалы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымына он бес депутат сайланды. Олардың он бірі «AMANAT» партиясының, екеуі «Ауыл» партиясының, біреуі «Ақжол» партиясының мүшелері болса, бір депутат өзін-өзі ұсынған. Депутаттардың құрамы 50 пайызға жаңарып, олардың ішінде экономика, білім беру, теміржол, құрылыс салаларының мамандары мен екі әйел адам бар. 
Халық қалаулылары Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауының маңыздылығын насихаттау мақсатында сайлаушылармен түрлі форматта кездесулер өткізді. Өткізілген барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды. 
Қазалы аудандық мәслихаттың депутаттары мәслихат сессияларының қарауына ұсынылған Қазалы ауданы бюджеті мен жыл ішінде оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту барысында әрдайым атқарушы органдармен түсіністік танытып, бірауыздан шешім қабылдап отырады. 
Қазалы аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылған аудан бюджеті мен аудандық маңыздағы қала, кент, ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу барысында депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстар қолдау тауып отырады.
Депутаттар тарапынан 55 ұсыныс айтылған. Олардың ішінде 14 ұсыныс оң шешімін тапса, 18 ұсыныс тиісті атқарушы органдарға жолданып, бақылауға алынған. 23 ұсыныс қаржыландыру кезегіне қойылған. 
Қазалы аудандық мәслихаттың сессиясы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттардың қатысу белсенділігіне мониторинг жүргізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері мен хабарламашыға қойған сұрақтарына талдау жасалып отырады.
Қазалы аудандық мәслихаттың депутаттары тоқсан сайын өздерінің сайланған округтері бойынша Қазалы ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулеріне қатысып, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуына атсалысып келеді. 
Мәслихаттар құзыретіне Заңмен жүктелген басты мәселелердің бірі – жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді бекіту болып табылады. 
2023 жылға Қазалы ауданының бюджетінің кірістер болжамы 10 млрд. 404,9 млн. теңгеге бекітіліп, 13 млрд. 493,3 млн теңгеге нақтыланды. Оның ішінде, өз кірістеріміздің жылдық жоспары 2 млрд. 485,3 млн. теңге. 11 айдағы жоспар 2 млрд. 189,5 млн. теңге болып, нақты 2 млрд. 338,6 млн. теңгеге немесе 106,8 пайыз орындалды. 
2023 жылға Қазалы ауданы бюджетінің шығындар жоспары 10 млрд. 404,9 млн. теңгеге бекітіліп, 13 млрд. 727,9 млн. теңгеге нақтыланды. Нақты, 11 айда 10 млрд, 855,3 млн теңгеге орындалып 99,9 пайыз құрады. 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихатында бүгінгі күнмен есептегенде төрт кезекті және Қазалы ауданы әкімі мен қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің ұсынысына сәйкес алты кезектен тыс сессия шақырылды. 
Солардың ішінде «2023-2025 жылдарға арналған Қазалы аудандық және аудандық маңыздағы қала, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіліп, оларға 3 рет өзгерістер енгізілді. Сессияда депутаттардың дауысқа салу қорытындысымен барлығы 117 шешім қабылданып, олардың ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты алты шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілді. 
2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес Қазалы аудандық мәслихаттың кезекті сессияларында төмендегідей мәселелер қаралды: –  2022 жылғы арналған Қазалы аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы; – Қазалы аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы; – Қазалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі; Сонымен бірге, Қазалы ауданы әкімдігі мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдердің ұсынысы бойынша 19 мәселе қаралды. 
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңында жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен тиісті ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізілетіні көрсетілген. Соған сәйкес 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру туралы облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу үшін аудан әкімдігімен бірлескен 2 шешім шығарылды. 
Қазалы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында депутаттар маңызды мәселелерді назарда ұстап, мәслихат сессияларында кезек күттірмейтін мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуде. 
Жыл басынан бері сегіз рет тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліп, депутаттардың дауысқа салу қорытындысымен 12 қаулы қабылданды.
2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес Қазалы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында төмендегідей мәселелер қаралды: – Қазалы ауданының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы; – Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы; – 2022-2023 оқу жылы ішінде мектепке дейінгі білім берудің сапасы және оны жетілдіру жолдары бағытында атқарылған жұмыстар туралы; – Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, – Аумақтарына отбасымен көшіп бармаған округ әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларының, мектеп директорларының мәселесі және қылмыспен күрес бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы; – «Қазалы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысына бөлінген қаржылардың игерілуі және жол құрылыс жұмыстары туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы №12 қаулысының орындалуы туралы; – Қазалы ауданы бойынша 2022 жыл көлемінде ветеринариялық қызметті нығайту және дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға арналған міндеттер туралы; Қазалы аудандық полиция бөлімінің 2023 жылдың жарты жылдығы бойынша атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы; – Қазалы ауданы бойынша 2023 жылғы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы; – Қазалы ауданы көлеміндегі әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығы туралы; – Қазалы ауданы аумағында азық-түлік тауарларының нарықтағы бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы; – Қазалы ауданы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
Депутаттар уақыт пен заман талабына сай болу үшін өмірде болып жатқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік өзгерістердің бел ортасында жүріп, халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға өз үлестерін қосып келеді. 
Халық қалаулылары Қазалы ауданы көлемінде жүргізіліп жатырған жол жөндеу, электр желілерін жаңғырту, газдандыру, абаттандыру, инфрақұрылым тарту, клуб, мектеп, денсаулық сақтау нысандарын, басқа да әлеуметтік нысан құрылыстарының сапасын тексеру мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, депутаттар халықтың әлсіз топтарына қол ұшын созып, тұрмысы төмен отбасыларына көмектерін көрсетіп, қайырымдылық акциялардан қалыс қалмай, атсалысып отырады. 
Қазалы аудандық мәслихаттың сайлаушылармен байланысы тұрақты жолға қойылған. Мәслихаттың жұмысын ақпараттандыру мақсатында алдын ала сессия мен тұрақты комиссия өтетіндігі туралы фейсбук парақшасы мен газет беттерінде хабарландыру беріліп отырады. Сондай-ақ, мәслихат тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мәслихаттың фейсбук парақшасында 111 пост жарияланды.
Мәслихат төрағасының жеке қабылдауына 24 азамат келіп, барлығының мәселелері қанағаттандырылды. Қалған өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп, орындалуы бақылауға алынды. Сондай-ақ, мәслихат аппаратына 31 арыз-шағым тіркеліп, арыз иелеріне қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазалы аудандық мәслихаттың депутаттары өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларының орындалуын тұрақты назарда ұстап, тиісті атқарушы органдарға ұсыныстарын жолдап, олардың орындалуын бақылауда ұстап отырады. Депутаттардың алдағы жыл ішінде атқарылуға тиіс ұсыныстары жинақталып, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырасында жан-жақты талқыланды. Қазалы ауданы бюджетінің мүмкіндігіне қарай депутаттардың ұсыныстары кезең-кезеңімен шешіліп, қаржыландыру кезегіне қойылуда. Алдағы уақытта да халық қалаулыларының сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер мен сайлаушылар аманатын  орындау үшін атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз. 
Жоғарыда айтып өткендей Қазалы аудандық мәслихаттың 11 депутаты «AMANAT» партиясынан сайланған. «AMANAT» партиясының жұмысына Мемлекет басшысының өзі оң бағасын беруде.  
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындау барысында халық қалаулылары атқарушы органдармен бірлесіп көптеген іс-шаралар атқаруда. Атқарылған жұмыстардың барлығы да сайлаушылардың талап-тілектері мен өтініштерін орындау аясында жүргізілді.
 

Тағы да оқыңыз: