Kyzylorda-news.kz.  Қазалы ауданында өткен жылы 21,2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Ауданнан Ресей, Беларусия, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Нидерланды елдеріне 3374,3 тонна күріш, 893,7 тонна балық, 711,1 тонна қамыс экспортқа шығарылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.