Kyzylorda-news.kz  Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының алғы шарттарын, жергілікті тұрғындардың шамадан тыс төрт түлік малдары жайылымдық және егістік жерлерге зиян тигізбеу үшін елді мекеннен тысқары жерлерге көшіру, шығару жұмыстарын ұйымдастыруға және салық базасын ұлғайтуға байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.
Осыған орай, аталмыш жұмысшы топ өкілдері ауданға қарасты Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Кәукей және Тасарық ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы ауылдардың жергілікті халқымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несиелендіру, төрт түлікті егістіктерге түсірмеу мәселелеріне қатысты сауалдары жолданып, толықтай жан-жақты тұшымды жауаптарын алды.
Айта кетейік, жұмысшы топтың түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта басқа да, ауылдық округтерде жалғасатын болады. 
Негізгі дақыл күріш – 6 200 гектар аумаққа егіледі. Биыл Қазалы ауданы бойынша барлығы – 17377 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Негізгі дақыл күріш – 6 200 гектар аумаққа егіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жылдың егісі үшін – 1 746 тонна күріш, 31 тонна бидай, 21 тонна арпа, 32 тонна жоңышқа және 4,2 тонна мақсары тұқымдары дайындалды. Көктемгі дала жұмыстарына барлығы – 289 дана ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жеңілдетілген – 894 тонна дизель отыны бөлінді. Айта кету қажет, аудан бойынша ерте егілетін ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары осы жылдың наурыз айының 29-нан бастап, кірісті. Қазіргі таңда аудан бойынша – 4832 гектар ескі жоңышқа толығымен тырмаланып, 1300 гектар суғарылса, межеленген – 2843 гектар жаңа жоңышқаның 611 гектары, 362 гектар жаздық бидайдың – 80 гектар егілсе, 50 гектар мақсары және 60 гектар арпа дақылдарын егу жоспарда бар.  Бұл ретте сала мамандары «Агро Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістігінде болып, ақ егіс егу жұмыстарымен танысты.

ee1c25ed-becd-4845-85a6-a382dfd2782d.jpg

Тағы да оқыңыз: