Kyzylorda-news.kz.  Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев егін шаруашылығының басшыларымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын талқылады. 

Шаруалардың егіс науқанына дайындығы туралы аудан әкімінің орынбасары К.Назымбеков, су шаруашылығы жағдайы жөнінде «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Н.Әбілдаев баяндады.

Биылғы жылы ауданда 17612 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Көктемгі дала жұмыстарына 291 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысады. 

Мәжіліс барысында аудан басшысы көктемде келетін мол суды тиімді пайдаланып, егіске жарату бағытындашаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, тұқым дайындау,жанар-жағармай қорын қалыптастыру, техникалардың әзірлігі мәселелері пысықталды.

IMG-20230207-WA0083.jpg

 

Тағы да оқыңыз: