Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан және облыстық бюджеттен бөлінген, 2023 жылғы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің түсімдерін облыстық бюджетке қайтаруға және 2024 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан аудандық бюджеттің бос қалдықтарын бағыттауға, сонымен қатар, аудандық бюджеттің өз кірістерін ұлғайтуға байланысты «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №128 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы №78 шешіміне сәйкес, Алға ауылдық округіндегі Бейбітшілік және Б.Әбдіразақов көшелерін орташа жөндеуге қаралған 80471,0 мың теңге азайтылып, Әйтеке би кенті көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарына 80471,0 мың теңге қайта бағытталды. Облыстық бюджет қаржысы есебінен аудан бюджетіне қосымша 227660,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді.
Атап айтқанда, Қазалы ауданы Кәукей елді мекенінде 100 орындық клуб құрылысын салуға; Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Бозкөл-Тасарық" ПК22+00-ПК35+00 автомбиль жолын қайта жаңғыртуға (13 шақырым); Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Бекарыстан би – Шөмішкөл»  автомобиль жолын қайта жаңғыртуға; Қазалы ауданының сол жағалау алабының 1-ГД, 2-ГД және К-3-2 қашыртқылар жүйесін қалпына келтіру жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаралды.
Сонымен бірге, 2023 жылғы нысаналы трансферттердің қаржы жыл ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын облыстық бюджетке қайтаруға берілді.
Кірістер бойынша, 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне сәйкес, аудандық бюджетте 2024 жылдың 1 қаңтарына барлығы 148 000,0 мың теңге бос қалдықтары қалыптасты. Оның ішінде, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің артығымен орындалуы есебінен 110 334,8 мың теңге; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер бойынша үнемделген және игерілмеген қаржылар 4 314,0 мың теңге; жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеуден 33 028,7 мың теңге, сондай-ақ, қала, кент, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке қайтарылатын трансферттер 322,5 мың теңге болды.  
Сонымен қатар, аудандық бюджеттің өз кірістерін ұлғайту есебінен 60 360,0 мың теңге 2024 жылдың көлемінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен жыл соңына дейін үнемделеді деп жоспарланған қаржылар көлемі 200 735,0 мың теңгеге жетті. Аудандық бюджеттен барлығы 409 095,0 мың теңге бағыттауға ұсынылып отыр.
Шығындар – Аудандық мәслихат аппараты бойынша, «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына Қазалы аудандық мәслихатының құрылғанына 30 жыл толуына орай медальдар жасату қызметіне, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына мәслихат аппаратына қажетті жабдықтар кресло, орындықтар сатып алуға жұмсалды. 
Аудан әкімінің аппараты бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша, «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына, «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбындағы көшпелі семинардың оқу ақысына, Интернет қызметі тарифінің өсуіне байланысты байланыс қызметіне,  аппарат қызметкерлерінің іссапар шығындарына, автокөліктерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша қомақты қаржы алынды. 
Аудан әкімдігі ғимаратының күзет қызметіне қосымша қаражат босатылды. «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына, оның ішінде – камераға арналған штатив сатып алуға қажетті ақша бөлінсе, кіші залға арналған 10 дана орындық алуға тиісті сомма бөлінді. Үлкен мәжіліс залына Led экран сатып алуға да қаржы қаралды. 
Аудандық экономика және қаржы бөлімі бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша – «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына Ресми статистикалық ақпараттарға қол жеткізу қызметіне қосымша ақша алынса; «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы  трансферттер» бағдарламасына, Қызылқұм ауылдық округіндегі Ажар елді мекеніне тұрғындарға электр жарығын беретін дизелді генераторға қол жеткізу мақсатында қаражат қаралды. Кәукей елді мекеніндегі аяқ су айдайтын электрлі насосты ағымдағы жөндеуге тиісті қаржы бөлінді.
«Аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісіне орай, «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына бөлімдегі қызметтік автокөлікті ағымдағы жөндеу жұмыстарына ақша қаралған. Ал, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасына, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеуге, мүгедектігі бар адамдарды реаблитациялау мен оңалтудың  жеке бағдарламасына сәйкес техникалық (орын толтырушы) көмекші компенсаторлық құралдар сатып алуға қаржы  бөлінді. «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасына мүгедек балаларға қызмет көрсететін Газель автокөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиісті сомма берілді. «Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру» бағдарламасына, «Аудандық отбасын қолдау орталығы» қызметкерлерінің еңбекақы қорына қосымша және орталықтың қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік мамандарға жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша арттырылған айлықақыларға 25 пайыз және уақытша болу ұйымдарындағы жұмыс үшін 40 пайыз қосымша ақылар мен үстемақыға 7 378,0 мың теңге берілмек. 
Аудандық отбасын қолдау орталығындағы 1 бірлік ассистент лауазымын әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман лауазымына ауыстыруға (D-1 санатынан В2-4 санатына) қаржысы тағайындалды. «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» бағдарламасына «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу» әлеуметтік жобасына қаржы тақталды.
Аудандық мәдениет және спорт бөлімі бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша, «Жергілікті деңгейде мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына «Қазтест» бағдарламасы бойынша 50 мемлекеттік қызметшілерді сертификаттау қызметіне 578,0 мың теңге қаржы қаралды.  «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына Мәдениет және спорт бөлімінің МТБ-н нығайтуға (2- принтер 3в1, 3 мұздатқыш, 2 фотоаппарат, 1 түрлі-түсті принтер, 7 процессор, 5 орындық,  1 кресло алуға), «Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту» бағдарламасына «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадионға және «Спорт» кешен ғимаратына бейне бақылау жүйесін сатып алу және орнату жұмыстарына қаржы қаралған. «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасына, «Қазалы аудандық мәслихатының құрылғанына 30 жылдығына кітап шығаруға, «Қазақстан компазиторлар одағы шақырады» атты республикалық кешенді фистивалін өткізуге мол қаржы бөлінуде. 
Аудандық мәдениет Орталығына қажетті сахналық жабдықтар сатып алуға қажетті сомма айтылса, «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына, Қазалы спорт клубына МТБ-н нығайтуға (Компьютер жыиынтығы мен жабдықтарын сатып алуға) ақша қажет. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жаңадан «Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету» бөлімі ашылуына байланысты – 3 компьютер жиынтығы, 3 үстел, 3 орындық сатып алуға мол қаржы сұралды. Аудандық орталық кітапхана, Қазалы қалалық, Әйтеке би кенттік және Пірімов, Түктібаев, Шәкен, Бекарыстан би, Қожабақы, Аранды, Ақсуат ауылдық кітапханаларына 10 компьютер жиынтығы және 10 принтер сатып алуға ақша бөлінді. 
«Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы  трансферттер» бағдарламасына, Басықара ауылдық клубына және Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйіне музыкалық аппаратура сатып алуға; Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекші қызметкері аттестаттау қорытындысымен жоғары категория алуына байланысты (В2-4 санатынан В2-1 санатына) қосымша еңбек ақы қорына қосымша теңге қаралды.
«Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» бағдарламасына Қазалы қалалық Жастар ресурстық орталығына 1-С бағдарламасын жаңарту жұмыстарына, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына, оның ішінде, бөлімге 1 дрон және 1 ноутбук алуға, қоғамдық даму бөліміне қызметтік (Niva Trabel) автокөлігін иеленуге қаржы бөлінді. 
«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына аудандық Жастар ресурстық орталығының МТБ-н нығайтуға ұсыныс берілді.
«Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына бөлімге қызметтік "Уаз-Патриот" автокөлігін сатып алуға қаражат қарастырылды.
 «Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына, оның ішінде, «Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылынан 100 орындық ауылдық клуб құрылысы» нысанын техникалық паспортын рәсімдеуге және жылжымайтын тіркелімі базасына енгізуге, Әйтеке би кентіндегі «Әкімшілік ғимараты үшін табысталатын жер учаскесіне жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мен кадастырлық жоспарын рәсімдеуге» Қазалы ауданы Аранды ауылдық округі Қожабақы ауылынан спорт кешені ғимараты үшін табысталатын жер учаскесіне жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мен кадастрлық жоспарын рәсімдеуге ұсыныс берілді.
«Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» бағдарламасына Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Жанқожа Нұрмұхамедұлы ескерткіші алаңын абаттандыру құрылысын бастауға ұсыныс айтылды.
«Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті және туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына бөлімге ресми статистикалық ақпараттарға қол жеткізу қызметіне қосымша қаржы қаралды.
Осы сынды «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламасы бойынша да қаржылай ұсыныстар берілген. 
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына орай, «Аудан әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы 356,0 мың теңгеге азайтылып, «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына ауданның экономика және қаржы бөліміне берілетін сомма көбейтілді (аудан бойынша статистикалық ақпараттарды алу қызметіне).
«Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы 100,0 мың теңгеге азайтылып, «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына аудандық отбасын қолдау орталығына 100,0 мың теңгеге көбейтілді.
Сонымен қатар, Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізіліп, (төменгі айлық алатын жұмысшылар, еден жуушылар, күзетшілер, автокөлік жүргізушілері тағы басқа) республикалық бюджет қаржысы есебінен қомақты қаржы бөлініп, мекемелер мен кәсіпорындарға жоспарланды.

Фото: ltvakcent.kz

Тағы да оқыңыз: