Kyzylorda-news.kz. Бүгін Астана қаласында «ЕХРО» Халықаралық көрме павилионында «Қазақстанның үздік тауары-2023» көрме-байқауы басталды. Оған 20 өңірден барған 180 кәсіпорын қатысуда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көрмеге Сыр елінен «Орда СтройМарт» ЖШС (Жаңақорған ауданы, әк өндірісі), «NOMAD» ЖК (Қызылорда қаласы, керамикалық раковиналар), «Қызылорда дизайн» ЖШС (Қызылорда қаласы, дайын металл бұйымдары) өндірістік мақсаттағы тауарларымен барды.

Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» көрмесіне «Жаңажол» (Қармақшы ауданы, күріш өндірісі), «Алтын Орда» Қызылорда қаласы, тұз өндірісі), «Асыл дән LTD» (Қызылорда қаласы, күріш өндірісі) серіктестіктерінің өнімдері қойылған.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» көрмесіне түйе жүнінен тоқыма бұйымдарын өндіретін аралдық «Жумашева Индира Жаилгановна» ЖК «Ай-Аружан» брендімен қатысуда. Сонымен бірге «Казбергенов Н» ЖК-ның «Қазалы» кәмпиті, «Тәтті әлем» ЖК-ның кондитерлік өнімдері ұсынылған.

395306629_633142425673672_1677077543169039017_n.jpg

 

395327199_633142455673669_4270727693710804741_n.jpg

 

395321835_633142445673670_5742111720278871505_n.jpg

Тағы да оқыңыз: