Kyzylorda-news.kz. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин “Роскосмос” ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

“Кездесу барысында тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде “Байқоңыр” ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады”, – делінген хабарламада.

Кездесуде “Бәйтерек” бірлескен ғарыштық зымыран кешенін (“Назарбаев старты”) құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Тағы да оқыңыз: