Kyzylorda-news.kz  Бүгін «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ЖОО мен колледж студенттері және жас мамандар қаржылық сауаттылықты арттыру курсының кезекті аптасын бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын атап өткен еді. Соған байланысты «AMANAT» партиясына Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Бұл жоба қазақстандықтардың қаржылық сауатын ашуына мүмкіндік береді. Бұған дейін жоба аясында қаржылық сабақа алығы келген біршама қызылордалықтар арнайы курстан өткен. Жалпы биыл еліміздің барлық 20 өңірінде 200 мың адамды оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған әдістемелік құралдар әзірленеді. Бұл шамамен 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаражатқа неғұрлым жауапты қарауға үйретуге мүмкіндік бермек.

Ал өткен аптада Қызылорда қаласында жоба бойынша кезекті оқу курстарынан өткен азаматтарға сертификат табысталды. Онда аталған жоба шеңберінде ЖОО мен колледж студенттері, жұмыссыз жастар қаржылық сауаттылығын арттыру курсынан өткен болатын.

Жалпы жоба бойынша Қызылорда қаласынан жыл соңына дейін 1620 азаматты оқудан өткізу жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: