Kyzylorda-news.kz Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды.

«Өңірде тиімді салық саясатын жүргізу, облыстың қаржы қазанына түсімдердің толыққанды түсуін, тиімді жоспарлануын әрі игерілуін сапалы және нәтижелі ұйымдастыру – басты міндетіміз. Аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттерінің кіріс көзінің тиімді жоспарлануына, орындалуына жауапкершілікпен қарап, тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс», – деді аймақ басшысы.

Мәжілістен соң Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бірқатар сала басшыларымен бірлескен жиын өткізді. Онда күн тәртібінде көтерілген мәселелер талқыланды.

Жиында кәсіпкерлік нысандарынан түсетін салық көлемі, әкімшілік айыппұлдарды толығымен және уақытылы өндіру, жылжымайтын және жылжымалы мүлікті салық салу объектісі ретінде базаға тіркеу, инвестиция көлемін ұлғайту жолдары секілді мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, аудан бойынша салық базасын кеңейту үшін нақты жұмыстар атқарылып, ұсыныстар әзірленетін болады.

Аудан басшысы мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.

Тағы да оқыңыз: