Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысы Ғанижан Қалиевпен бірге аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысты.

Аудан әкімі мен басқарма басшысы Байқоңыр қаласында салынып жатқан 50 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс алаңына, Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру және спорт кешені мен Төретам кентін газбен қамту нысандарына барды.

Жандос Еркінбекұлы салынып жатқан кейбір құрылыс нысандарының сапасы талапқа сай емес екендігін, құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігі, жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезіндегі заң бұзушылықтар жіті қадағалауында болатындығын атап айтты. Себебі жоғарыда аталған кемшіліктер орын алса құрылысты жүргізу мерзімі созылады. Тіпті бастапқы жоспарларды өзгертуге тура келеді деді аудан әкімі.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Исаевтың мәліметіне сүйенсек, қазір ауданда 3 медициналық амбулатория мен 3 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бірнеше құрылыс нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда. Жыл аяғына дейін Ақай ауылындағы спорт кешені, Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарындағы құрылыс нысандары пайдалануға берілетін болады.

«Нысандар уақытылы тапсырылуы тиіс. Салынған нысандардың сапасына көңіл бөлінуі керек. Ешқандай сын көтермейтіндері бар. Бәрі емес әрине, бірақ, мұндай деректердің бары рас. Ауыл әкімдері әлеуметтік нысандардың құрылысын қатаң бақылауға алуы керек», - дейді аудан басшысы. 

403630303_2472899056214319_8931276745366400751_n.jpg403607602_2472898916214333_1567104181942613798_n.jpg403626869_2472899122880979_2377420271676118127_n.jpg

Тағы да оқыңыз: